ӘНШІ БАЙЫСА, КИНО ТҮСІРЕДІ

Сообщить о проблеме с эфиром

Айқын киноөндіріске мол қаржыға кенелу үшін қадам басқанын жасырмайды. Осы сала арқылы пайда табуды көздеген өзге де әншілер болғанды. Мәселен, Қайрат Нұртас. Хитмен шоу-бизнесте жүріп, кино әлеміне тыңнан түрен салғандардың тұңғышы болды. Оның командасы 2013 жылы таспалаған «Өкініш» драмасына қызығушылық танытқан көрермен қарасы мол-тын. Соның арқасында, бюджеті – 76 млн 500 мың теңге болған картина, 94 миллион 899 мың кассалық табыс көрді. Жұбайы Жұлдызды қалың көпшілікке актриса ретінде таныстырамын деп таспалаған Нұртасұлының келесі жобасы да табысты. Тіпті, киносыншылар – «Арман. Когда ангелы спят» туындысын – қазақ киноөндірісінің фэномены деп те атады. Себебі, драма жанрындағы ең көп касса жинаған туынды болған. Қазіргі доллар бағамымен 900 мың көк қағаз көлемінде, табыс көрген фильм тіпті «Алмас қылыш»-тың кірісін бес есе басып озыпты. Бүркіттің тырнақ алды туындысы «Логово», Қайраттың «Арман. Когда ангелы спят» фильмімен прокатқа қатар шықты. Дегенмен, әнші экшн үмітін ақтамағанын жасырмайды.

Бүркіт – әнші, кинопродюсер

– Шіркін, керемет болды -ау деп айта алмаймыз.Мен күткендей болған жоқ.

Сондықтан да, Бүркіт кассалық кірісі жоғары болар деген сеніммен келесі фильмін комедия жанрында түсірді. «Загадай желание» де оның қалтасын қалыңдата қойған жоқ. Есесіне, Төреғали Төреәлінің кино өндіріске қадамы сәтті болды. «Ұлы дала комедиясы» прокатта болған бірнеше апта көлемінде, кассалық жиыны ең көп туындылардың көш басынан түскен жоқ. Нәтижесінде, Төреш фильмнің жалғасын аспан асты елінде таспалауға бекініп отыр.

Төреғали Төреәлі, әнші:

-«Ұлы дала комедиясының» жалғасы «Ұлы дала боевигі» Алматы-Гонконг, сценарий жазылып бітті. Алла қаласа, жұмыс барысында сіздерді шақырып, сіздерді бөлісетін боламыз.

«Ұла дала комедиясымен» қатар прокатқа түсемін деп, Ерке Есмахан «бармағын тістеп қалды». Аталмыш туындымен бәскеге төтеп бере алмаған «Махаббат кафесі»-нің кассалық жиыны мардымсыз. Фильм авторларының көңілінен шықпағаны анық.