Фильмнің алғашқы дублін сәтті таспалап болған соң, киногерлер міндетті түрде жасайтын дәстүр бұл. «Патруль» телехикаясының бесінші маусымына бастау болған дәл осы сәттің куәгері атану үшін, біз де түсірілім тобымызбен Талдықорғанға арнайы келдік.
Жарғақ құлағы жастыққа тимей, ел тыныштығын қорғап жүрген полицейлерді бұл жолы мүлде өзге қырынан танисыз. Көрерменді жалықтырып алмау ниетінде, жігіттер бұл жолы Талдықорған қаласына іссапарға аттануды жөн көріпті.
Рүстем Омаров, актер:
- Мүлдем басқа локация, бізге өте қызық. Кішкентай қалада өздеріңіз білесіздер бәрі бір-бірін біледі, таниды, өсек деген тез тарайды. Қысқасы біз шиелісіп тұрған оқиға орына келіп, бәрін шешуге тырысамыз.
Өзге қаланың сақшылық жұмыстарына Берік мен Мура кіріседі. Жігіттер түсірілім басталмай тұрып ұзақ уақыт осы аймақ жайлы ақпарат жинаған екен.
Мейірхан Шерниязов, актер:
- Бесінші маусымда ерекшеліктер көп болады. Біріншіден, кейіпкерлер орындарымен ауысады. Кейбір кейіпкерлерді басқа ракурстан көреміз. Жаңа ракурстан көреміз. Сондықтан, қызықтар көп болады деген ойдамын.
Патрульдің жаңа маусымын көрермен сарыла күтсе, жоба авторлары үшін де ерекше болмақ. Себебі, отандық телевизия тарихында жаңа рекорд орнады.
Мейірхан Шерниязов, актер:
- Бұл біздің юбилейный сезон. Былайша айтқанда, 100-ші серия осы жолы. Айта кететін жәйт, біз осыған дейін рекорд болған Қазақстанда 4 сезондық комедия ситком болған. Ол вузеры болатын. Біздің проект болатын, біз өз рекордымызды өзіміз жаңарттық.
Сұранысы үлкен телехикаяны, әдеттегідей «НТК» арнасы көрсететін болады.
Мейірхан Шерниязов, актер:
- Көрермендерге айтатыным, сол күтіңіздер, «Патруль 5» «как обычно бомба» болады. Өте мықты әзіл болады. Бесінші сезонмен тоқтайды деген ойда емеспін. Әлі үлкен үлкен жалғастары болады. Сондықтан күтіңіздер!