Батыр Байназаровтың «Rin’Go» кетуіне не себеп болды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жыл бойы квартет болып өнер көрсеткен Ринго тобынан Батыр Байназар кетіп, «Rin’Go» трио болып қалған. Бұл жаңалықты тыңдармандар ғана естіп таң қалған жоқ, «Ревю» ұжымын да таңырқатты. Ендеше, бұның себебін білуге «Rin’Go World» келдік.

-«Ревю» бағдарламасы қонаққа келіп қалды. Дәке, жұмыстар қалай болып жатыр?

-Жұмыстар керемет болып жатыр, ән жазу деген сияқты.

-Соңғы жаңалықты естіп, таңырқап тұрмыз, шыны керек. Сондықтан жігіттердің басын қосып енді сұхбат алсақ.

-Әрине!

-Жақсы, жігіттер, енді негізгі сұрақ... Үшеуің жүріп, неге сыйдырмадыңдар топқа?

-Ммм

-Неге кетті Батыр?

-Неліктен екенін, шыны керек біз өзімізде дұрыс білмейміз. Өйткені, Батыр өзі сондай жігіт, тұйық, көп сөйлемейді, көп айтпайды. Айтты, жігіттер кету керек, біз жарайды дедік.

-Осы жылдың жаздың басында оны бәріміз отырып сөйлесіп, бәріміз білдік. Жыладық.

-Кім жылады?

-Барлығымыз.

-Сонда не себеп болған топтан кетуіне? Қимай қоштасып жатыр екенсіздер?

-Үйленіп жатқанын 3 апта бұрын ғана білген адаммыз, сондықтан ну айтпай жүрген үш апта қалғанда бізге жария етті. Бұның да белгілі себептері бар, бірақ шыны керек бізге айтпады.

Өздеріңіз көргендей «Батыр кетті» деп, қол қусырып отырған серілерді байқамадық. Керсінше, бойзбендтегі өзгеріс жігіттерге жаңаша дем сыйлаған сыңайлы. Бірден үш жаңа әндерін жазбақ екен. Тіпті, бейнеклиптерін қазан айына жоспарлап қойыпты.

-Жұмыс көп, бүгін осы Батыр кеткелі біздің алғашқы кездесуіміз. Қайтадан қандай әндерді жазу керек, бағыты қандай болады, фотоссессиямыз. Барлығын жаңадан істеуіміз керек. Соның барлығын талқылап, жұмыс жасауды бастадық, құдай қаласа.

-Мүмкін «Ринго» қайта квартет болғысы келетін шығар? Мүмкін сымбатты, қасы қалың, қызыл аяқ киімі бар жігіт керек емес пе?

-Керек емес!

-Батыр кетті, біз трио болып қаламыз. Ары қарай Рингоның өмірін жалғастырамыз.

Мен де үмітімді үзер емеспін! Кім біледі, «Rin’Go» қайта квартет болып қалар?!

-Міне біздің әнімізді жаттайтын және айтатын жеріміз осы. Ақназға сәлем айтып қойыңыз! «Аюми» тобының экс әншісі.

-Ақназ қазір не істеп жүр.

-Ақназ қазір музыкалық продюсер

-Не ән айта алмайсың, не би билей алмайсың қалай сен Рингоға кірейін деп жатсың? Есесіне менің талабым бар!

Триоға ақыры мүше болып жарытпадым, жігіттер жақтыра қоймады. Енді бүгінгі жаңалықтың себепшісі Батыр Байназаровтың пікірін білерлік...

Батыр Байназаров, әнші:

-Біраз уақыт ойланып, қабылданған шешім. Бір 3-4 ай бұрын айтқан болатынмын, жігіттерге, осындай ойым бар, осылай шештім деп. Жігіттермен бөлістім, продюсеріміз Алуа ханыммен сөйлестік әңгімелестік, бәрін түсіндіріп бердім.

Жеті өлшеніп, бір кесілген шешім болса да, бұл жаңалықтың «Rin’Go World» отбасына оңай соқпағаны анық. Тіпті, Батырдың да өзіне...Сонымен, не себеп болды?

Батыр Байназаров, әнші:

-Өзімнің жеке себептерім бар.Менің өміріме байланысты, болашағыма байланысты, топқа немесе біздің продюсерімізге ешқандай қатысы жоқ.

Әзірге, қолы бос болғанымен «болашақта жалғыз өзімнің ән айтуым екіталай» деп отыр. Өйткені, дәл қазіргі уақытта жанына музыкадан гөрі, кино әлемі жақын.

Батыр Байназаров, әнші:

-Оны енді айта алмаймын. Мүлдем өнерден кетіп қаламын деп. Киноға түскенді жақсы көрем, соңғы жылдары бірнеше жоба болды.

Батыр Байназаров, әнші:

Дегенмен, Батырдың музыка әлемінен алыстай қоймасы анық. Тіпті, экс-Аюмилік келіншегі Әсел Жамақаевамен дуэт жаздыруы да мүмкін.