Гелзбендтерге қарағанда, бойзбендтердің ғұмыры ұзақтау, әрі жігіттер тұрақты келеді. Дегенмен, отандық музыка нарығында серілерден құралған топтардың кейбір мүшелерінің үзеңгілестерінен бөлініп кеткен сәттері де аз болған жоқ. Атақтары нағыз асқақтап тұрған шақта «Ордадан» Жанболат Беделхан мен Рүстем Оразбеков кетті. Жанкүйерлері үшін тым ауыр соққы болғанымен, серілер топтың сахна сыртындағы істерімен айналысуға бел буған. Бұған, Рүстемнің денсаулығының сыр беруі де сеп болған. Рүстем Оразбеков – «Орда» тобының экс-әншісі
-Сахнаның үстінде білмеймін қалай болғанын, аяқтан зақым келді. Аяқта күре тамыр деген болады. Соны созып алған болатынмын. Сол кезде маған бір жылға дейін қатты секірмеу керек, билеу керек деді. Өйткені, мен сахнада қозғала алмай қалдым.
Сондықтан, да Рүстемнің әншілік мансабы осы тұста тәмамдалды. Ал, «Меломеннен» кеткен Жігер Ауыпбаев сахнамен қош айтысқан жоқ. Керісінше, соло әнші ретінде танылуға талпынды. Себебі, топтың өзге мүшелерімен жүз шайысып қалғандықтан ғана бөлінгенді.
Жігер Ауыпбаев, «Melo’Men» тобының экс-әншісі:
-Біраз сұхбаттарын тыңдап қалдым. Ол топтан өздігімен кетті. Біз оны ешқайда жіберген жоқпыз деген сынды пікірлер айтқан екен. Бірақ мен топтан ренжіп кеткенімді өзім білемін. Абырой болғанда, «Меломендіктер» бүгінде тіл табысқан. Ал, 2000 жылдардың ең танымал бойзбенді «101» тобының мүшелерінің достығына ешқашан сызат түспеген. Онда, неге сахналардан жиі көрмейміз?
Иван Бреусов, «101» тобының әншісі:
- Жаңа үнтаспа жазып жатырмын. Комерциялық жоба деп айта алмаймын, дегенмен, жүрек қалауындағы түрлі жанрды топтастырдым. Иә, Иван айтқандай бұл бойзбендттің әр мүшесі өз істерімен айналысуды жөн санаған. Дегенмен, ара-тұра концерттен төбе көрсетіп тұрады. Тимур мен Еділ топтан һәм шоу-бизнестен кеткенімен, Шоқан мен Данияр әйгілі «Алл давайды» сақтап қала алды. Дегенмен, бүгінде, отбасылы жігіттер сахнаға шығуды сиреткен. «Музарттан» Мақсат Базарбаев, «Жігіттерден» Еркін Нұржан кеткенде де тыңдарман тым қатты шулағаны есімізде.