Сәнқойлар бүгін Миланға ағылды. Николь Кидман, Asap Rocky, Алекса Чанг, Винни Харлоу, Кьяра Ферраньи! Бұл – Milano fashion Week-тің шымылдығын түрген Prada көрсетілімінің жұлдызды қонақтары. Көмір тектес қара, қою көк, күрең қоңыр! Миучча Прада көктем – жаз 2020 топтамасының басты түстері ретінде осыларды таңдаған. Оянған табиғатты, құлпырған гүлдер мен жадыраған кезеңдерді еске салатын детальдар некен-саяқ. Есесіне, аяқ киім, сөмке мен аксессуарлар көз қуантарлық. Әсіресе, Кая Гербер мен Джиджи Хадид киіп шыққан қалпақтар қызу талқыға түсті. Сән сыншылары «The Handmaid's Tale» картинасындағы үй қызметшілері телпектерінің үлгісін Prada ұрлап алған деп сөкті. Prada сән көрсетілімінен көңілі түсіп шыққандарға Alberta Ferretti нағыз – антидеприсант болғандай. Жеңіл, көңіл-күйді бірден жадыратар коллекция ұсынған бренд 70-ші жылдардағы ретро стильдерді қайта жаңғыртқан. Оранж, пинк һәм блю реңктері арқылы Коллифорниядағы күннің ерекше батар сәтін еске салғымыз келді дейді дизайнер. Деним, күдері, жұмсақ тері сынды маталарды қолданған сән үйі кэжуал стильден соң, шифоннан тігілген кешкі көйлектерге кезек берді. Мұнда да сән сахнасының көркін қыздырған жұлдызды сәнбикелер жетерлік. Кая Гербер, Белла Хадид, Виктория Череттилер подиумда жарқыраса, сұлулығы мен ерекше стилі үлесім тапқан Джорджина Родригес көрсетілімге жиналған өзге меймандарды тасасында қалдырды.
Milano Fashion Week
19.09.2019