Кино мансабының алғашқы сатыларында Дженнифер Энистон да талай кастингтің табалдырығын тоздырғаны мәлім. «Толықсың» деп режиссерлар сылқымның әркез бетін қайтарып отырған. Сондықтан да, аз уақытта он үш келі салмақ тастап, «Достар» телехикаясына түсуге жолдама алған. Дәл осы оқиға актриса жайлы жазылған, таяуда жарық көретін кітапқа арқау болған. Роман авторы Сол Аустерлиц оқырман асыға тосқан кітаптың құпиясын ашты.
Деми Мурдың да әлі сиясы кеуіп үлгермеген мемуары қызу талқыға түсіп жатыр. «Inside Out» атты ғұмырнамасында актриса Эштон Катчермен ат құйрығын үзіскен шақтары жайлы да естелік айтқан-ды. Мұны оқыған Деми Мурдың достары бұл айырылысудың актриса үшін тым ауыр болғанын еске алып, сыр бөлісті. Эштонды ұмытуға жылдар қажет болды дейді актриса. Тіпті, ұзақ уақыттық күйзелісті бастан кешкен. Әйткенмен де, экс-жұбайлар достық қарым-қатынастарын сақтап қала алды.
Бүгін, сыр ақтаратын күн! Кэтти Перри Орландомен махаббаты өз өміріне қалай әсер еткенімен бөлісті. Әншінің айтуынша, сүйіктісі қатаң күн тәртібіне бағынуды талап етеді екен. Таң атпай ерте тұрғызып, әр сағатта атқаратын істерін белгілеп беретін болған. Соның арқасында, Кэтти өмірім жақсы жағына өзгерді деп отыр.