Жуырда ғана жаңа бейнебаян ұсынған Диас Аблаевтың туындысы бұл күндері көпке талқы! Әнші өз әріптестерімен салыстырғанда әрдайым креативті ойларымен ерекшеленеді.
Диас Аблаев, әнші:
- Мен белгілі бір әнді шығарғанда оның музыкасы ғана емес, ойыма бірден оның бейнебаяны, тұтастай сюжеті келеді. Бұл жолы қызықты, күлкілі, сондай-ақ айтар ойы бар туынды жасағым келді.
Десе де, осы жолы Аблаевтың көрермен назарын аудартуына жаңа образы себеп болса керек. Бейнебаянда Диас құрбылары Айым мен Индиды жанына ерткен сылқым кейпінде.
Инди Еділбаева, актриса, әнші:
- Диас менің бейнебаяныма құрбымның рөлінде түсесің бе дегенде түснбей қалдым. «Сен қыз кейпінде боласың ба?» деп сұрасам, иә деді. Оның аздап жүрексінгені де жасырын емес.
Десе де, тәуекелге бел буып, жаңашылдық үшін жанын салған Диас, нәтижесіне дән риза. Себебі, туынды өміріндегі басты адам – анасы Нағима Есқалиеваға қатты ұнаған.
Диас Аблаев, әнші:
- Шынымды айтсам, анам өтте бақытты. Себебі, барлығы әрдайым әкеме ұқсатынымды айтатын. Алайда, қыз кейпіндегі мені көріп, халық анама ұқсайтынымды айтуда. Мұны естіген анам, айттым ғой сен маған ұқсайсың деп мәз болуда.
Алайда, Аблаев туынды арқылы әжуалап қоймай, басты ойды жеткізгім келді дейді. Диас, бейнебаян сюжеті мен мәтіні арқылы әр адамды басқаны қайталамай, өзі болуға шақырады.
Санжар Мәди, актер:
- Бұл біздің шоу-бизнес үшін жаңа деңгей. Шеңберден шығу қажет. Бейнебаян Америкалық стильде, әзіл ретінде. Өте қызық.
Айнұр Ілиясова, актриса:
- Оның направлениесі кішкене бөлек қой. Сондықтан оның бағыты өзгеше, бізге әлі жаттау мүмкін. Біреулер түсініп жатады, біреулер түсінбей жатады деп ойлаймын өз басым.
Ал, тың туындыcымен таңқалтпақ болған Диастың клипі бір аптада небәрі 150 000 қаралым жинаған. Әншінің креативті көзқарасын түсінер тыңдарман әлі де некен саяқ.