Нұрсұлтан Есжан, тілші
- Айтулы кештің ашылу салтанаты да қызықтарға толы болмақ. Дәл қазір, саxнада сөз кезегін Almaty Film Festival-дің президенті Ақан Сатаев алды. Сонымен, биылғы шара несімен ерекшеленбек, тыңдап көрейік.
Қазақ киносының мэтрлары мен жас әртістері, шетелдік киноөндірістің шеберлері бас қосқан салтанататты кеште әрі қарай сайыстың қазылар алқасы таныстырылды. Қара қылды қақ жарып, әділ шешім шығаруға міндеттелгендер арасында Канн фестивалінің жүлдегері - Самал Еслямова да бар.
Негізгі конкурс бойынша, бас жүлдеге Азия мен Еуропада түсірілген 12 картина таласқа түспек. Оның ішінде АҚШ, Грузия мен Оңтүстік Кореялық ленталар да бар. Алайда, аталмыш киношараның басты мақсаты ең үздік фильмді анықтау ғана емес. Almaty Film Festival алаңында жеті күн бойы тегін кинокөрсетілімдер ұйымдастырылып, голливудтық алпауыт кинокомпания өкілдері шеберлік сабақтары аясында өз тәжірбиелерімен бөліспек.
Айтулы шараның, жемісті боларына отандық кино саласының өкілдері де үлкен үміт артып отыр.
Аян Өтепберген, актер:
– Бұл кинофестивальдің еліміздің киноөндірісі үшін маңыздылығы қандай деп ойлайсың?
- Бізге аздық етпейді фестивальдар. Өйткені фестиваль көбейген сайын қызығушылық, инвесторлар да тартылады. Сондықтан дамиды деп ойлаймын.
– Жеті күн ішінде 80 фильм көрсетіледі екен. Қай фильмдерді күтіп жүрсің?
- Енді, қай фильмді болғанда, мұнда менің өзім түскен фильмім бар. Ким Ки Дук түсірген, Корея-Қазақстан. Сол фильмді.
Гүлназ Жоланова, актриса:
- Ким Ки Дуктың фильмін күтудемін, және де жаңа ғана трейлер көрсеткен фильмдердің, соның ішінен 2-3 фильмді таңдап қойдым. Кестеден қарап, он шақты фильм көретін шығармын, 80 емес бірақ.
Аян Өтепберген мен Гүлнәз Жоланова сөз еткен «Динь» картинасының әлемдік премьерасы дәл осы фестивальде өтпек. Лентаға, сондай-ақ Санжар Мәди де қатысқан болатын.
Шәріп Серік, актер:
– Мұндай фильм фестивальдардың, халықаралық жобалардың біздің елге маңызы зор екені белгілі. Сенің ойың, сенің пікіріңді білейікші.
- Меніңше ең бастысы, біздің деңгейімізді көтереді.
- Кино саласында, иә?
- Кино саласында. Біздің еліміздің кереметтігінің жарнамасы және біздің, маған жалпы шетелге киноға түсетін жол ашады деп ойлаймын.
- Иә, көпір болады осындай халқаралық фестивальдер.
Ал, күллі киногерлер үшін маңызы жоғары аталмыш кино шара қыркүйектің 20-на дейін жалғаспақ.