Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші
- Шоу-бизнес өкілдері саясатта! Күні кеше журналист Дана Нұржігіт Сенат депутаты атанған еді. Одан бөлек, Мейрамбек Беспаев Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, ал Қыдырәлі Болманов мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Енді, қай жұлдыз киелі сахнаны жұмсақ креслоға алмастырмақ? Әншілер арасынан «шенеунік» атанғысы келіп жүрген кім?
Әріптестерінің жаңа қызметіне шын қуанғандардың бірі - Нұрлан Еспанов. Енді, сазгер өзі де мемлекеттік қызметке шақырту күтіп жүргенін жасырмайды.
Нұрлан Еспанов, әнші:
– Нұрлан аға, Дана Нұржігіт депутат, Мейрамбек Беспаев Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, Қыдырәлі Болманов мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болды. Сіз қашан саясатқа қадам басып, мемлекеттік қызметкер боласыз?
- Енді, шақырту қашан болса сонда барамыз.
-Шақырту болды ма өзі?
-Негізі шақыртулар болған бұрын-соңды. Шақырту болғанда ондай жерге емес енді, өнер ордаларының бастығы болыңыз Нұреке, ана жердің бастығы болыңыз, мына жердің бастығы болыңыз деп. Ал, мен ойландым да, үкіметтің жұмысына кіру еркіндіктен айырылу деген сөз да.
– Жалпы өнер адамдарының креслоға алмастырғанына қалай қарайсыз?
- Қалай айтсақ болады өзінің саласының креслосы болса қарсы емеспін негізі.
Еспанов мырза, жұмсақ креслоға қамданып жүргенде, Қыдырәлі Болманов жаңа орнына жақсылап жайғасқандай. Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі ретінде, өнер иесі жұмысты Түркістан облысын аралаудан бастапты.
Қыдырәлі Болманов, әнші:
Кәсібім ғой өмір бойы істеп келе жатқан, мәдениет саласы. Сондықтан мәдениет саласында көптеген жұмыстар бар. Жақында, кеше ғана Түркістанға барып қайттық.* 09.53 өте үлкен және жауапты жұмыстар жүріп жатыр. Бұл мәдени мұра да кіреді, мәдени неше түрлі мерекелер де, концерттер де, жалпы мәдени саласы мәдениет деген барлық жерде бар.
Ал, Рүстем Нұржігіт әпкесінің «Сенат депутаты» атанғанына дән риза.
Рүстем Нұржігіт, әнші:
- Дана Нұржігіт ханым, Сенат депутаты атанды, пікіріңізді білсек. Інісі ретінде, жалпы өнерпаз ретінде.
- Енді ол бізді жанұямыз үшін күтпеген жаңалық. Бірақ, біріміз өте қуаныштымыз, неге десеңіз себебі Дана өз ойын, өз пікірім әрине. Дана әпкем, сол орынға лайықты деп ойлаймын.
- Оны менің ойымша көпшілік келісетін секілді, бірақ келіспейтіндер де бар, өнер өкілі мемлекеттік саяси қызметтермен айналыса алмайды дейді. Сол жайлы не айтасыз?
-Ол жағымен мен енді келіспейтін шығармын. Неге десеңіз, журналист жалпы.
-Тек қана журналист емес, әншілер болсын, қазір депутат болып жатқан әншілер бар. Мемлекеттік қызметепен айналысып жатқан әншілер бар.
- Енді әншілер мүмкін оларға қиындау болады деп ойлаймын. Енді өйткені тек қана, әншілікпен айналысқан адамдар, мәжіліс депутаты болу мен үшін, сол кісілерге қиындау болатын сияқты.
Мәселе жұмыстың ауырлығында емес, саясат саласының ластығында! Дәл осылай батыл мәлімдеме жасаған Әнел Әрінова ешқашан «шенеунік» атанбаспын деп отыр.
Әнел Әрінова, әнші:
- Бұл саясат және саясаттың астарында лас әркеттер де жатыр. Оны бәріміз білеміз. Сондықтан мен саясатқа араласқым келмейді. Одан да мен аяулы ана немесе мықты мұғалім боламын. Саясатқа араласқанша, өскелең ұрпақты тәрбиелегенім мың есе жақсы.
Ал, саясатқа аралақсан әріптестерін, Әрінова аянбай, адал еңбек етуге шақырады.