Әуезді ән мен әсем табиғат! Жүзім жинау науқанының құрметіне ұйымдастырлыған «Arba Live Sound» фестивалі тағы да өз есігін айқара ашты. Аспан астында, қала шуынан жырақта өткен шараға келгендердің қарасы мол. Олардың басым бөлігі, музыканттардың туындыларын жанды дауыста тыңдауға келген. Мәселен, соның бірі - ғаламтор арқылы өз аудиториясын жинап үлгерген Darkhan Juz болды.
Шығармашыл жастарға өз өнерін ортаға салуға мүмкіндік сыйлаған шарада блогер Нұрлан Батыровтың да ізбасраларын тауып алдық.
Zhaubassar, музыкант:
-Негізі менің өлең жазып, өлең шығарып бастағаныма 1 жыл болды. Бұған Нұрлан Батыровтың көмегі көп боғлан еді. Яғни, біз екі ай бірге жұмыс істеген едік.
Алайда, Батыровпен жұмысын тоқтатқан өнерпаз, жаңа продюсерге іздеу салуда. Болашақ басшысын өзге емес, өнерге жақын жандар жиналған дәл осы ортада кездестіруден дәмелі.
Zhaubassar, музыканті:
- Продюсер іздеп жүрмін. Себебі, еркіндік дегеннің жақсы жағы, өзің не қалғаныңды жаза бересің да. Бірақ, бір жаман жағы сені ешкім теппейді. Мынаны қазір жаз, қазір істе деп.
Миллиондаған болмаса да, Әмір Салдың да өзіндік кішігірім аудиториясы бар. Музыканы хоббиға айналдырған өнерпаз, елімізде дәл осындай фестивальдердің аздығын алға тартады.
Amir Sal, музыкант:
-Әрине, бізде фестивальдар көп. Бірақ қаланың шетіне шығып кәдімгідей, таза ауада көңіл-көтеру өте маңызды деп ойлаймын. Сондықтан, осындай іс-шара көбірек болып тұрса қуанышты болар едім.