Сахнадан саясатқа! Мейрамбек Беспаев Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Енді, халықтың сүйікті әншісі мәдени мәселелерді қадағаламақ. Сүйінші хабарды шаһардың басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің инстаграм парақшасы арқылы жеткізген еді.
Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым.
Жағымды жаңалықтың жарияланғаны сол-ақ еді, жұлдыздар қауымы инсаграм арқылы құттықтауларын жаудыра жөнелді. Мейрамбектің әріптестері арасында өнер өкілдерінің саясатқа араласқанын құп көретіндері де жетерлік.
Нұржан Керменбаев, әнші:
- Мына сөзбен тағы келсітінімді айтқым келеді де. Іс жүзінде жалпы тәжірибе керек. Тәжірибелі адам керек.
Микрофонды креслоға алмастырып, өзін жаңа салада байқап көрмек болған жалғыз Беспаев емес.
Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:
-Мемлекеттік қызметкер болып жақсы орынға тағайындалдым. Қатар алып жүруге тырысамын. Енді адамның ниетіне байланысты ғой. Шаршамайсың ба? - деп те көп сұрайды менен. Несін шаршаймыз былай қарап тұрсаң.
Одан бөлек, Бағым Мұхитденова «Өнер академиясында» декан мәртебесін еншілесе, аталған оқу орнында Сәкен Майғазиев ректордың орынбасары қызметін атқарып жүрген жайы бар.
Сәкен Майғазиев, «МузАрт» тобының әншісі:
-Маған сегіз сағат жұмыс берілсе, 24 сағат жұмыс жасап жатырмын-ау деп ойлаймын. Неге десеңіздер атқарылатын іс-шара көп.
«Музарттық» Сәкен Майғазиевтың бүгінде жайы осы. Жаңа қызметке жайғасқан Мейрамбек Беспаев те, әріптесі сынды халықтың игілігі үшін аянбай тер төгеді деп сенеміз.