Қазақстандық әншілер мен ресейлік әртістердің райдерлерінің айырмашылығы қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тілші: @ais.tv

- Ресейлік рэперлер Хаски, Фараон және қазақстандық Шоу Ирины Кайратовны мен Хиросима бір сахнада! Шетелдік өнерпаздардың райдеры қатаң сақталады, ал біздің әртістердің талабын ұйымдастырушылар қаншалықты орындайды? Сахна сыртына барып, зерттеу жүргізейік!

Жастар арасында кеңінен танылған рэперлердің басын қосқан Айсұлтан Сейітов. Голливудта атын шығара алған талантты режиссер, отандық өнерпаздардан бұрын, барлық назарды шетелдік әртістерге бөлуге тырысқандай.

Айсара Бисенова, тілші: @ais.tv

- Сахнаның артына келдім, енді жұлдыздарды іздеп жүрмін. Ал, бері жаққа қарасақ, гримеркалары бар секілді. АТЛ деген рэпердің гримеркасы, әзірше жабық екен. Фараон, жәй ғана сусындар, арнайы талаптар жоқ секілді.

Ресейден келген Хаски, ATL, Cali және Фараон сынды өнерпаздардың гримеркалары бос болғаны, олардың келісілген уақытта ғана келуімен ақталды.

Ал, ғаламторда мыңдаған аудитория жинап жүрген қазақстандық музыканттар үшін, жайлы орыннан бұрын, кештің атмосферасы маңызды.

Tolebi, рэпер:

- Толе би көңіл күйіңіз қалай?

- Жақсы.

-Осы фестивальдегі әсеріңізді айтып берсеңіз?

-Шынымен айтқанда, біріншіден жаңағы сценаға шыққанда өте бір іштегі кішкене қиындық болды. Осындай сценада, осындай танымал адамдармен, бірге болып жатырмын. Сол қысылып.

- Осындай үлкен шараларға келгенде, үйымдастырушыларға талаптарыңыз бар ма? Райдер деген.

-Жоқ, шын айтқанда жоқ. Самое главное орысша айтқанда, жаңағы дауысы жақсы болса болды. Және де іштегі атмсофера.

Рэп әлемінде талай жыл еңбек етіп жүрген Хиросима болса, белгілі талап қоятын болып шықты. Тек райдермен ғана жұмыс жасаймын деген сері, кештің кемшін тұстарын да ескертіпті.

HiRoSima, рэпер:

- Хиросима сіз рэп әлемінде жүргеніңізге 10 жылдан асты. Сізді көбінесе ғаламторда көрем. Неге осындай үлкен алаңнан сирек шығатын болғансыз?

- Себебі мен соңғы 5 жыл болған шығар, жаңа альбоммен жұмыс жасау үстіндемін. Ол мен үшін ең маңызды жоба.

- Осындай үлкен шараларға келетін алдында, ұйымдастырушыларға арнайы талаптар бар ма?

-Ия, райдерім негізі бар. Бірақ бұл жерде қарапайым заттар ғана. Асып бара жатқан ешнәрсе жоқ. Маған ең бастысы су, орамал деген заттар болса да жетеді.

Сонымен қатар, отандық блогермен көңіл қосып жүрген ресейлік рэпер Cali да, маңызды қонақтар тізімінде. Музыканттың танымал блогер Динара Рахимбаевамен бірген түскен суреттері әлеуметтік желіні біраз шулатқан еді.

Айсара Бисенова, тілші: @ais.tv

- Сахна сыртын түгел шолып шықтық. Байқағандарыңыздай, шетелдік өнерпаздарға барлық жағдай жасалған. Ал, біздің жұлдыздарға келгенде ұйымдастырушылар сараңдық танытқан. Қарапайым қажетті дүниелері де жоқ. Бірақ, бұл теңсіздікке реніш білдірген əртістерді көзіміз шалмады. Өздері талап етпеген соң, райдерлері аяқ асты болғандай.

Дегенмен, ұйымдастырушылығы жоғары деңгейде жасалмаса да, музыкалық фестивальге 3500 ден аса тыңдарман жиналды. Түн жарымына дейін созылған концерт келушілердің көңілінен шыққаны сөзсіз.