«Найнти уандық» мемберлер еліміздегі ең ірі хип-хоп жобасына үздіктерді іріктеуде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жуырда НТК арнасында су жаңа «Qaraberi» бағдарламасы жарық көрмек. Айтулы жобаға, «Найнти уандық» ZaQ кіл мықты рэперлерді таңдап та қойған. Ал, хип-хоп орындаушылардың басын қосқан ерекше кастингті, тілшіміз бақылап қайтқан болатын. 

Мадина Дәулетқызы, тілші:

-«Қарабері» жобасының іріктеу кезеңі басталды. Байқағандарыңыздай, мұнда ерекше атмосфера орнаған. Ал, санаулы сәттен кейін келген үміткерлердің әрқайсысымен жеке-жеке тілдесетін боламыз.

ZaQ:

-Қазір болып жатқан «Қарабері» жобасының басы. Ең алдымен, біз істеп жатқанымыз ол кастинг. Тірідей кастинг болады. Осы жерден біз адамдарды таңдау керек боламыз. Ары қарай өтетін. Ары қарай жарыстың өзі де болады.

Еліміздегі ең ауқымды хип-хоп жобаның қатысушысы атануға ниеттілердің қарасы мол. Кезегін күткен үміткерлердің бірі жауапты сәтке барын салып дайындалса, кейбірі уақытын көңілді өткізуді жөн көрген. Тіпті, олардың арасында, алыстан ат терлетіп жеткендер де бар.

- Жігіттер сәлем! Сіздің есіміңіз? – Сымбат. Қай қаладан келіп отырсыз. – ШҚО, Аягөз қаласынан. Демек арнайы осы кастинг үшін? – Иә. Инстаграм желісінен көре сала, өзіміздің видеомызды жіберіп, қатысайық деп шештік. -Ал, сіздің есіміңіз және қай қаладан? – Есімім Дәстүр. ШҚО, Өскемен қаласынан. Бұл яғни ашық, бетпе-бет жарысатын бірінші батл. Қазақстан бойынша. Бұны жасап жатқан мына «JUZ интертеймант» және НТК каналына үлкен рахмет айтамыз!

-Кастингке келген үміткерлер арасынан, нәзік жандыларды да байқап қалдық. Олай болса, олардың өздерімен тілдесіп көрейік.

- Сіздің есіміңіз?- Айдана. -Ал бүгінгі кастинге қатысуға не себеп? Нәзік жандылар мен рэп сәйкес келмейтін сияқты. -Көбісі айтады рэп қыздарға арналмаған деп. Бірақ мен сол стереотипті жойғым келеді.

-Рэпті негізі әр адам оқи алады. Ол ортақ нәрсе. Оны ұл да қыз да жеткізіп оқып бере алады, бастысы ішкі жан-дүние маңызды.

Көзқарасы ортақ жандардың басын қосқан «Қарабері», талай қызықтарға толы болмақ! Ал, тың жобаның өзге де жаңалықтарын алдағы уақытта РЕВЮ-де  айтатын боламыз! Қапы қалмаңыз!