Қызыл кілем жайылып, «Оскар» баламасы сыйға тартылған кеш. Нұрлан Қоянбаев өзінің туған күнін дүркірете тойлады.
Әзіл әлемінің серкесі, әйгілі тележүргізуші Нұрлан Қоянбаевтың арқасында отандық жұлдыздардың басы бір шаңырақ астынан табылды. Өнер иесі елорда төрінде өзінің 38 жасқа толуын дүркірете атап өтті.
Туған күн иесі, айтаулы шараға қатты дайындалған. Ал, кештің жүргізушілік тізгінін ұстаған Айгүл Мүкей мен Нұрдаулет Шертім, қызыл кілеммен жүріп өткен толассыз қонақтарды қарсы алумен болды. Құдды бір «Оскар» марапатының кешіндей дерсіз... Расымен солай, себебі меймандардың бірі Нұрлан Қоянбаевқа «Оскар» баламасын сыйға тартуды жөн көрген.
Ерекше кешке ағылған қонақтың қарасы көп. Олардың арасында өнер иелері, спорт жұлдыздары, стилистер, мемлекеттік қызметкерлер мен АҚШ елшілігінің өкілдері бар! Қуанышқа ортақтасқан меймандар құр алақан келмеген. Алайда, «Астана» клубы өзінің арнайы сыйлығымен көзге түсті.