vlcsnap-2017-08-07-10h18m08s876 (1)

«РЕВЮ» жаңа тележүргізушілікке үміткерлер арасындағы бәйгенің қорытындысын жариялайды!

 

«РЕВЮ» жаңа тележүргізушілікке үміткерлер арасындағы бәйгенің қорытындысын жариялайды!

Жаңа маусымда «РЕВЮ» сапына жаңа жүргізуші қосылады. Осыдан бір ай бұрын біз жариялаған кастинг-бәйге қорытындыланып, жеңімпаз тәжіне үміткерлер толық анықталды.
«РЕВЮ» редакциясы жариялаған тележүргізушілер бәйгесіне Қазақстанның әр өңірінен 300-ден астам өтініш келіп түсті. Экраннан көрініп, халықтың ықыласын алып, танымал болсам дейтін үміткерлер көп-ақ. Дегенмен, кәсіби қойылған дауыс, келісті келбет, харизма мен жүргізушіге тән қаситеттер кез-келген жанның бойынан табылмас дүниелер.
300 адамның ішінен 16 қатысушы сұрыпталып, олардың ендігі тағдыры халықтың қолына табысталды. «РЕВЮ-дің» инстаграм парақшасында жалпы дауыс беру жасалып, әр үміткерге қойылған лүпілдердің саны шешуші рөлді иеленді.

Үздік шыққан Топ-5 қатысушының тізімі мынадай:
Аян Кенжебаев,  қ. 2846 лүпіл

Дархан Бақытбекұлы, 2753 лүпіл

Ақтық сынға өткен тағы екі үміткеріміз лүпілдер саны жөнінде оза шапты.

Ермек Тұрғанбеков, Алматы қ. 4123 лүпіл

Сабина Айдарханова, Алматы қ. 4356 лүпіл

Финалдан табылған бестіктің ішінде қара үзіп шыққан Фариза Ауылбаева. Қарағандылық сұлу бар қатысушылардың ішінде ең көп лүпіл мен пікір жинаған.

Фариза Ауылбаева, Қарағанды қ. 5024 лүпіл

Үздік шыққан Топ-5 тізіміндегі әр үміткерді енді НТК арнасында видеосынақтар күтіп тұр!