«Ол мен емес!» Deepfake қаупі күшейіп, жұлдыздардың бет-әлпетімен халық алдануда.

Жұлдыздардың желідегі басты жауы бұрын хейтерлер еді. Ал қазір олардың орнын «хай-тек» басқандай. Себебі, бүгінгі технология бет-бейнеңді ғана көшірмейді, беделіңе де нұқсан келтіре алады. Ойыңдағыны айнытпай бейленеп, талантыңды лезде таспаға басып беретін көмекші құрал, танымалдардың да мазасын қашырса керек. Кеше ғана «Ел не айтады?» деп жалтақтайтын жұлдыздар, бүгін «ЖИ не істеп қояды?» деп сескенетін күйге жеткен...