Продюсер Құралай Анарбекова дебюттік картинасын таспалауға кірісті

Сообщить о проблеме с эфиром
Құралай Анарбековаға «сүйіктің кім» деген сауал жиі жолданады. Кинопродюсер ретінде тұңғыш толық метрлі картина таспалаймын деп шешкен соң, бұл сұрақ тіпті үдей түскен. Картина таспалауға қаржыны қайдан алды? Қолдаушысы кім? Сылқымның өзі қауесетке нүкте қойды. Құралай Анарбекова, актриса: – Қасымда арқа сүйер азаматым болмаса, қиын болар еді, мен үшін. Әрине, бар. Көп жылдар бойы бірге өсіп, бір-бірімізді бағыттап келеміз. Сүйіктімнің мыс-мыстап қалтама қаржы қыстырарлықтай дәулеті жоқ, - дейді актриса. Маңдай тер – бүгінгі биігінің кепілі. Сондықтан, «Жау жүрек мың баладан» соң, мансап қуу әлде жеке даму деген үлкен таңдау жасағанын айтады. Құралай Анарбекова, актриса: – Актриса болып қала берген кезде, мүмкін, әрине мен көптеген проекттерге түскен болар едім. Көптеген ұсыныстар болды. Тәуелсіз өмір сүру үшін өзіңді қамтамасыз ету керексің. Сондықтан мен оқу оқыдым. Мәскеудегі ВГИК-ті «Кино және ТВ продюсері» мамандығы бойынша тәмамдаған соң, тірнектеп жинаған білімі мен тәжірбиесін отандық кинематографияға бағыттауға бекінген. Оның үстіне, құрбысы Әсел Сәдуақасованың кинопродюсерліктегі табыстылығы да, мақсатқа бір қадам жақындай түсуге түрткі болған. Құралай Анарбекова, актриса: – Мәскеуден дипломымды алып келгеннен кейін, Қазақфильмде де жұмыс жасадым. Жекеменшік компанияларда да жұмыс жасадым. Содан кейін өзімнің компаниямды ашып, соны көтергенше көп уақыт кетті. Компанияның негізгі мақсаты - үш жыл бұрын осындай толықметрлі фильм түсіру болған. Өзі негізін қалаған компания табысы, картина таспалуға жетерлік қаржыны жиып берген соң, сценарий іздеуге кіріседі. Ресейлік, қырғызстандық және отандық сценаристердің жұмысын саралап, соңында «Брат или брак» комедиясына тоқталған. Себебі, дәл осы оқиға өз әкесінің өмірімен астасып жатқандай. Олар да көп ағайынды отбасындағы жалғыз қарындасын күйеуге қимай, біраз жүріп қалған екен. Құралай Анарбекова, актриса: - Бес ағайынды. Кішкентай қарындасына әрқашан жанашыр болған, кішкентай қыз сияқты өскен қыз. Тұрмысқа шыға алмай, қиналып, бастарынан өткен оқиға. Өзім қатысуым мүмкін. Кастинг қазір жүріп жатыр. Қазіргі сәтте Ресей актерімен келісім сөз жүргізіп жатырмыз. Сәті түссе болашақта атын білесіздер. Құралай бұған дейін де бірнеше телехикаяға продюсерлік етті. Таңдау түсірген режиссері Ернар Нұрғалиевтің де, толықметрлі фильмге алғаш қадам басуы. «Дегенмен, көзқарамыз ортақ» - дейді актриса. Сондықтан, келер айдың басынан түсірілім жұмыстарына кіріспек