Остров (1)

Остров

Жұмыс күндері 19.50

Жанры: комедиялық телехикая
Тілі: орысша
Елі: Ресей
Басты рөлдерде: Янина Студилина, Денис Косяков, Ирина Вилкова, Кирилл Мелехов, Анастасия Асеева, Анфиса Вистингаузен, Евгений Кулик, Григорий Калинин, Роман Хан

Телехикая туралы: «Остров» атты жаңа реалити-шоу түсіру үшін түсірілім тобы елсіз аралға келеді. Продюсерлердің жоспарлары бойынша қатысушылар бір бірімен сайысып және табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алулары керек. Олардың мақсаты — тапсырмаларды орындап, ортақ банкке ақша жиып, көрермендер алдында ұпай жинау.

Алайда, аяқ астынан түсірілім тобы бар қайық жарылғанда, жоспардың күлі көкке ұшады.  Бұл жарылысты қатысушылар ойын басталғанның белгісі деп ойлап, сайысты бастап кетеді. Оларды түсіріп те, іздеп те жүрген ешкім жоқ. Өркениетпен байланыс жоқ. Әрқайсысының басында шын мәнінде жоқ шоуды жеңіп шығу.

Жұмыс күндері 19.50 НТК арнасында!

 

 


АНОНС: