Остров

Остров

14 ақпаннан бастап, 19:50-де

ОстровЖанры: комедиялық телехикая
Тілі: орысша
Елі: Ресей
Жылы: 2016
Басты рөлдерде: Янина Студилина, Денис Косяков, Ирина Вилкова, Кирилл Мелехов, Анастасия Асеева, Анфиса Вистингаузен, Евгений Кулик, Григорий Калинин, Роман Хан

Телехикая туралы: «Остров» атты жаңа реалити-шоуды түсіру үшін түсірілім тобы елсіз аралға келеді. Продюсерлердің ойы бойынша қатысушылар бір-бірімен сайысып, өз-өздерін жеңіп, табиғаттың тылсым күшіне төтеп бере алулары керек. Тапсырмаларды орындап, ортақ банкке ақша жинап, көрермендердің алдында ұпай жинайды.

Алайда, барлығы ойдағыдай болмай, түсірілім тобы бар желкенді қайық жарылады. Қатысушылар бұл жағдайды ойынның бір бөлігі екен деп ойлап, ойынға кірісіп кетеді. Оларды ешкім камераларға түсіріп жүрген жоқ, іздемейді де. Өркениетпен байланыс жоқ. Бастарында тек қана шын мәнінде жоқ шоуды жеңіп шығу.