Нұржан Тәжікенов «ЕХРО-2017» көрмесінің қарсаңында «Адай» күйіне клип түсіріп жатыр

Сообщить о проблеме с эфиром
Қара домбыраны серік еткен сері бұл клиптің түсіріліміне ұзақ уақыт әзірленгенін айтады. Өйткені, «ЕХРО-2017» көрмесінде Нұржанның жаңа видеосы арқылы қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық құндылықтары насихатталмақ. Нұржан Тәжікенов, күйші: - Елбасымыз айтқандай 5 миллион қонақ келеді. Сол келген кезде, біз не көрсетеміз? Әрине, біз бірінші өзіміздің төл өнерімізді көрсетеміз. Домбырамызды, қобызымызды, аспабымызды... Экспоғада бір ұшы бұрылайын деп тұр бұл күйдің. «Масшабтық» деп айтып жатқанымда сол. Экспоға әр шет ел, әлемнен келген қонақтарға арзан нәрсе көрсету ол біз үшін, қазақ халқы үшін ұят нәрсе. Сондықтан, жоғары, сапалы нәрсе шығарайық деп қазір ат салысып жатырмыз. Ауқымды шараның қарсаңында таспаланып жатқан туындыға Құрманғазының «Адай» күйі таңдалған. Нұржан Тәжікенов, күйші: - Адай күйіне көп адамдар көз алдына елестетеді ғой жаңағы атпен, жау шабу деген сияқты. Бірақ біздер ондай нәрсен істеген жоқпыз, қазіргі заманға сай мына лэд экран деп жатамыз ғой. Лэд экранның көмегімен, арттағы болып жатқан құбылыстарды көрсетеміз. Сол акцент лэд-экранға болады. Сосын менің ойыным - сол бір әлемнің ішінде мен күй тартып отырған сияқты образ болады. Әлемдік деңгейдегі іс-шарға әзірленіп жатқан клип, қымбат бюджетті бейнебаяндардың қатарында. Бұл жолы Тәжікенов қазақ халқының игілігіне таспаланған тың туындысы үшін қомақты қаржысын аямаған. Нұржан Тәжікенов, күйші: - Үш камаз, яғни 60 тонна топырақ төгілді. Сосын жаңағы 15/6 размердегі 90 кв.метр лэд экран құрылды. Одан кейін мына крандар, светтер, сосын вентилятор дейді үлкенін алып жатырмыз. Сосын қазір водовоз келеді, жауын болады. Енді табиғаттың құбылысын беру оңай емес екен... Ал, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын ұлықтайтын патриоттық туындының тұсауы «ЕХРО-2017» көрмесінде кесілетін болады.