vlcsnap-2017-07-17-09h45m50s574

«Найнти уанның» турнесі жалғасуда! Ақтау мен Қостанайлық иглз мемберлерді қалай қарсы алды?

«Найнти уандық» мемберлердің аймақтарға турнесі тәмамдалуға жақын! Енді, Семейлік және Қарағандылық иглздармен ғана жоспарлы кездесу қалды. Ал дәл қазір, Ақтау мен Қостанайда өткен фан-сайн мен концерттердің эксклюзивті кадрларын назарларыңызға ұсынамыз!
Фан – минингтен бірнеше сағат бұрын жиналып, «91»-дің синглдарын иглздың қосыла шырқауын дәстүр дерсің!
«Найнти уандық» мемберлерді айлар бойы асыға тосқан Ақтаулық тыңдарманның сағынып қалғаны байқалады. Фан-сайн барысында кю-поперлерге күтпеген сұрақтарын жаудырды. Мұндай тосын сауалдардан жігіттердің абдырып қалғаны анық.
Мемберлер иглздың тіке сұрақтарына барынша шынайы жауап берді. Себебі, «Найнти уан» тыңдарманына адал! Әсіресе, сахнада тұрғандағы қошамет, қолдау оларды ерекше шабыттандырады.
Концерттен кейінгі адреналин мен драйв кю-полперлерді ұйқыдан қақты. Олар түні бойына жаңа сингл жазған. Көз шырымын алмаған күйі Каспий жағасынан бірден Қостанайға табан тіреді.
Қостанайлық иглздың да ықыласы ерекше. «91»-ліктермен қосыла ән салып, жігіттерді сахнадан жібермей, концерттің уақытын барынша созуға талпынды. Бұл кешті тыңдарман ұзақ естен шығара қоймас!