Мейвезер мен МакГрегор де енді әлемді шарлап баспасөз-турнесін жасайды

Сообщить о проблеме с эфиром

Мейвезер мен МакГрегор де енді әлемді шарлап баспасөз-турнесін жасайды. Себебі, өз жекпе-жектеріне жарнама ауадай қажет-ақ. Заманауи бокс пен ММА-дың айтулы өкілдерінің бұл айқасын тірідей тамашалау кез-келгенге бұйырмас бақыт. Ең арзан билеттің өз 2 мың доллар.

Бұл жекпе-жек бұрынғылардан өзгерек... Бокс заңына орайлы... Мейвезер мен МакГрегордың 26 тамызда Лас-Вегас қаласында өтетін жекпе-жегіне арналған билеттердің құны аспандап тұр. Олардың ең арзаны 650 мың теңге шамасында болса, рингке таяу вип орындар 90 мың доллар, яғни 30 млн теңгеге дейін барады. Салыстырмалы түрде Мейвезер – Пакьяо айқасы өткен кештегі ең қолжетміді баға 1500 көк қағазды құраған.

Мейвезер – МакГрегор жекпе-жегі өтетін Т-Mobile Arena 20 мың көрерменді еркін сыйдырады. Бұл кездесуді ақылы тікелей эфирге трататын Showtime бокс тарихы үшін рекордты көрсеткіш, 600 миллионов доллар табыс табамыз деп білек сыбануда. Рингте қолғап түйістіретін қос қарсылас 100 млн. доллардан сыйақы алуы мүмкін.

Айбарлы аралас жекпе-жек шебері мен айтулы боксшының айқасын тамашалауды қалайтындар, қазірдің өзінде билеттерді ханталапайға салып сатып алуда екен. Спортшылар алғашқы жеңіл салмақ 69 келіде бокс ережелері бойынша шоу көрсетуге ниетті. 40 жастағы Мейвезер кәсіпқой бокста 49 кездесуінің бәрін ұтқан. 28 жастағы МакГрегор 24 жекпе-жектің тек 3-еуінде жеңілген.