«Мажоры» фильмінің көрермендері алғашқы сеанстан көңілсіз шықты

Сообщить о проблеме с эфиром
Қоянбаевтың қуанышына ортақтасқан отандық шоу-бизнес өкілдері көңілді тарқасса, «Мажоры» фильмінің көрермендері алғашқы сеанстан керісінше көңілсіз шықты! Күні кеше тұсауы кесілген бұл жаңа картина жұлдыздарға неге жақпай қалды екен?! Отандық картиналардың қатарын толықтырған «Мажоры» фильмі ауқатты адамдардың балалары арасындағы бәсекені, достықты суреттейді. Сонымен қатар, ата-анасының арқасында ақшаны оңды-солды шашқан жастардың өмірі баяндалады. Ал, басты рөлдегі бозбаланың образын Сивидің інісі Марсель сомдаған. Анар Рүстемова, С. Махмудидің анасы:: -Менің ұлым да барлықта өсіп келе жатқан бала. Өзім айтқандай барлықта өсіп келе жатқан бала, ата-анасының арқасында шалқып, өмірдің қиындығын көрмеген бала! Айтпақшы, аталмыш фильмнің продюсері дәл осы Сивидің анасы. Кино саласында кәсіби білімі болмаса да, қолында бар қомақты қаржысы барлық сауалдардың түйінін шешекен. Сиви Махмуди,әнші, актриса: -Ақша мен қабілет қой. Ол диплом болғанмен қолдан келмесе өте ауыр. Ал, Айдос Бектемір ақша мен талантты таразыға салмауды өтінді. Азулы актер, шымшық болса да, қасапшының сойғанын қалайды! Алайда, ол отандық киноиндустриядағы қазіргі осы олқылықтардың оңаларына сенеді. Айдос Бектемір,актер: -Ақшасы бар да түсіріп жатыр, жоқ та түсіріп жатыр. Әйтеуір кино шығарып жатыр. Бірақ кейін таланттылар шыға береді, қалғандары қала береді. Бұл өмірдің заң ғой. Біткен іске сыншы көп! Тұсауы кесілген картинаның алғашқы көрермендері өз пікірлерімен бөлісті... Шәріп Серік,актер: -Жұмыс істеу керек әлі деп ойлаймын. Менің ойымша... Гүлбаһрам Байбосынова. Актриса: -Кейбір тұстары, кейбір жерлері бар ашылмаған. Және дыбыс жағынан төмендеу болып қалды.