Лондон қаласында «Дюнкерк» фильмінің әлемдік тұсауы кесілді

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, Лондон қаласында «Дюнкерк» фильмінің әлемдік тұсауы кесілді. Өзінің соңғы «Интерстеллар» туындысымен көрерменді қуантқан Нолан Кристофердің, аталмыш кинокартинасы бұрынғыдан әлдеқайда өзгерек!

Режиссер бұл жолы фантастика емес, өмірлік оқиға желісі арқылы көрерменді таңқалдырмақ ниетте. Екінші дүниежүзілік соғысты шынайы суреттеген әскери драмада Марк Райлэнс, Кеннет Брана, Том Харди сынды өнер иелері төбе көрсеткен. Одан бөлек, актерлар құрамында «One Direction» тобының әншісі Гарри Стайлз да бар.

Гарри Стайлз, әнші, актер: -Түсірілім барысында қобалжығанымды жасырмаймын. Алайда, Крис Ноллан өте дарынды режиссер. Сондықтан онымен жұмыс істеу қиын болмады.

Гарри алғаш рет толықметражды фильмде бағын сынады. «Дюнкерк» оның тұңғыш әрі соңғы түскен кинотуындысы да болу мүмкін. Себебі, өнерпаздың актерлікке қарағанда, әншілік жол жанына жақын сыңайлы.

Жуырда ғана көпбалалы ана атанған Бейонсе болса, сахнаға оралуға асықпайды Өнер иесі әлеуметтік желіде бөбектерімен түскен алғашқы суретін жариялады! Әншінің «Руми мен Се 1 айға толды» деп жазба қалдырған бұл фотосы бірнеше минуттарда миллионнан астам лүпіл жинап үлгерді.

Ал, Лондонда көшелерінде «Игра престолов» туындысының кейіпкерлері шеруге шықты. Бұл телехикаяның 7-ші маусымының жарық көруіне орай ұйымдастырылған жарнамалық шара болатын. Фантастикалық жауынгерлердің киімін әзірлеу үшін, бақандай сегіз апта уақыт жұмсалған.