«Менің атым Қожа» фильмі жаңа интерпретацияда!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Менің атым Қожа.» Алтын қорға енген бұл туынды балаларға арналған фильм ғана емес, отарлық саясатты, ескі жүйенің солақай тұстарын астарлап сынай алған картина. Бұл тек сотқар оқушының оқиғасы емес, еркіндікке ұмтылған бүтін бір ұлттың мәселесі.

 

Өз заманының ащы шындығын жеткізген классикалық картина араға 62 жыл салып «Қожа: Жаңа саяхат» атауымен қайта таспаланды. Фильмнің жалғасы сол жылдарға шолу жасай ма әлде жаңа ғасырдың мәселесін көтермек пе?

 

Садық Шерімбек, сценарий авторы және креативті продюсер:

Біз екінші фильмде еркіндігі бар, бірақ соны енді-енді ғана ой елегінен өткізіп, сондай ұлттың күйін сипаттап беретін шығарма дер едім.

 

Қарсақбаев Қожа арқылы ұлт тағдырын көтерсе, жас режиссер Қуат Ибрагим тырнақалды туындысында жасөспірімдердің жеке мәселесін көрсеткісі келген.

Қуат Ибрагим, режиссер:

Фильмде бұған дейінгі картинада болмаған, кейіпкерлер бар. Бұл кімнің идеясы?

Сұлтан бірінші фильмде әкесі туралы көп ақпарат айтады да. «Ол мені сабады, үйден қуып жіберді» деген. Бірақ сол бойы әкесін көре алмай кеттік. Және халыққа көрсетейікші бір Сұлтанның әкесі қандай адам екенін, мүмкін оның да кейіпкерін дамытармыз деген ой болды.

 

Фильмге кейіпкерлер 3 ай таңдалған. Нәтиже керемет десек артық айтқанымыз емес. Себебі актерларды түпнұсқадан ажырату қиын. Сыр-сымбаты дөп келгенімен жас мамандарды камера алдында сөйлету оңай болмаған. Шығармашылық ұжым арнайы мамандармен келісіп, тағы 3 ай шеберлік сабағын ұйымдастырған екен.

Ильяр Егінбай, Жантас рөліне таңдалған актер:

Өттің деген хабар келді. Бірақ қатарынан тағы басқа да актерлер қарастырылып жатты. Рөлді беріп қоймау керексің ғой енді, барынша жанталасып, соңғы бір апта қалғанда тағы бір кастингке кіріп, толық бекітіліп шықтық.

Рөліңді шындау мақсатында фильмді неше рет көрдің?

25 рет қой деймін.

Ал шығарманы неше рет оқыдың?

3 рет. 20-дан асатын шығар.

Айқын Елубай, Қожа рөліне таңдалған актер:

Біз білетін фильмде сабақтан қашатын Қожа, сотқарлық жасаған тағы Қожа. Ал бұл толықметрде образың қандай?

Менің образым.. Анада 5-сынып болса, бұл жерде 8-сынып қой. Сабақтан қашпайды. Есейген кезі ғой, былайша айтқанда. Бірінші кинода мсахаббатын айта алмады, бұл жолы айтты сезімін.

 

Баршаға Қожа ретінде танылған Нұрлан Сегізбаевтың толықметрде бой көрсетеді. Бірақ спойлер жасамайық... Сондықтан, көрерменмен қандай кейіпте қауышатынын үлкен экраннан біле аласыз.

Айқын Елубай, Қожа рөліне таңдалған актер:

Нұрлан Сегізбаев деген аға бірінші күні келді түсірілім алаңына, батасын берді. Ол кісі айтты маған ұқсайсың деп айтты маған. Шыны керек жүрісім, сөйлеген сөзім бәрі ұқсайды екен Нұрлан ағаға.

 

Жоба авторлары ә дегеннен туынды жайлы «бұл фильмге көрермен сынай келіп, күлімсіреп көріп, жылап шығады» деген еді. Ал туындының алғашқы куәгерлері уәде еткен күйді сезіне алды ма?

NNN, блогер:

Бұл балалық шақ неге заманға сай қылып көрсетпеске? Өте күшті, өте қатты ұнады.

Сырым Әуезхан, айтыскер ақын:

Мәселе, техникалық қаржылық жағдайда емес, сценарий мәселесі енді бастап жатқан соң тәжірибе жетіспеген сияқты...