Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar
Олжас Абай мен Дариға Бадықова балалы болып, гендер пати ұйымдастыруды армандайды. Алайда жығылғанға жұдырықтай қос өнерпаздың жарасына тұз сеуіп, «қашан балалы боласыңдар» дейтіндер көп көрінеді. Олар дәл қазір бұл сұраққа «Таптым-ау сені 2» картинасы арқылы жауап бермек.
– Мынадай тест таратып жатсыңдар оқырмандарыңа, бала тақырыбын қозғауға не себеп болды?
Олжас Абай, кинопродюсер, актер:
Бала тақырыбын қозғағанымыз, Дариғаның идеясы бұл. Бала деген өмірдің мәні емес па? Кез келген отбасы балалы болғанды қалайды. Сол себепті «Таптым ау сені 2»-нің тақырыбы ерекше тақырып деп ойлаймын. Кез келген әйел, кез келген қыз ана болғысы келеді. Және біз соны барша халыққа тілейміз.
Араға жыл салып жарық көрген «Таптым-ау сені» лентасының жалғасы, Сәуле мен Жексеннің оқиғасы бала, отбасылық мәселелер төңірегінде өрбіген. Сюжет желісі бойынша басты кейіпкерлер біраз жыл сәби сүйе алмай, жақындарының талқысы мен түртпектеуіне тап болады.
Дариға Бадықова, кинопродюсер, актриса:
– Енді немен шиеленісті өрбітесің? Сол себепті бала тақырыбы болсын дедік. Одан кейін бұл семейный құндылық болғаннан кейін солай жасадық.
– Бұл тақырып өзіңіздің жаныңызға қаншалықты жақын?
– Бұл тақырып бүкіл үйде бар деп ойлаймын. Жүрегіме жақын. Бірақ енді осыны арнайы жасайыншы деген нәрсе емес.
Олжас Абай, кинопродюсер, актер:
– Мен де әкемін ғой енді, бұндай әрине өмірімде болған жоқ кинодағыдай. Бірақ бала тақырыбы мен үшін өте қымбат. Өйткені өмірімде менде де қиыншылықтар болды. Сол себепті балаға келгенде мен өзім кішкене тоқтап қалатыным бар.
«Өмірдегі жайтты барынша шынайы көрсеткіміз келді» деген Очоу, ерлі-зайыптылардың ортасына түсетін туыстар мен балалы бола тұра, ұл не қыз ту дейтін еркектерді қатаң сынады.
Олжас Абай, кинопродюсер, актер:
– Кинода көрсеттім қолымнан келгенше. Бала неге тумайсың ол әйелдің қолында емес қой мысалы. Маған ұл бала керек маған неге ұл тумайсың төрт қыздан кейін қайтадан қыз туып отырсың сен, мен білмеймін ол совсем немен ойланатын ол. Ол бір құдайдың қолында, сол себепті құрметті ер азаматтарға айтарым, қыз туса да ұл туса да ол құдайдың бергені разы болу керек деп ойлаймын.
Дариға Бадықова, кинопродюсер, актриса:
– Өмірде бар жағдай, семья болғаннан кейін өмірдегі бар жағдай.
Фильмнің премьерасы аясында Дариға Бадықова оқырмандары арасынан 10 жылдан кейін сәбилі болу бақытына кенелген отбасыға болашақ нәрестесінің жынысын анықтап, гендер пати ұйымдастырды.
– Екі қызыңыз бар, көппен бірге енді ұлды болатыныңызды біліп жатырсыз 10 жылдан кейін. Қуанып жатқан шығарсыз?
Перизат Абдуллақызы, гендер пати иесі
– Өте, өте қуанышытымын, Аллаға шүкір. Екінші Дариға ханымға өте ризамын. Рақмет осындай керемет кешті ұйымдастырып, осындай кеш жасап арнайы шақырғанына.
Ал «Джунглилау-таулау» сленгтерімен танылған блогер Қайсар Хамзаның кейіпкері фильмнің сәнін келтірді десек қателеспейміз. Серіні картинаға Бадықованың өзі арнайы кастингсіз шақырған екен. Хамзатегінің өзі «трайболизмнің арқасында рөл алдым» дейді.
– Шақырту Дариғаның өзінен болды ма?
Қайсар Хамза, актер, блогер:
– Иә, маған вотсапқа тікелей жазды осындай «жалайыр інім қалайсың?» деп кірді ғой әңгімеге. Маған ол кезде уже жұмыстарым бар еді, но енді «жалайыр інім» дегеннен кейін отказ бере алмадым да.