Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar:
– Әйгілі «Нурикамал» әнін білмейтін қазақ кемде-кем! Дәл осы 36 жылдық тарихы бар ерекше туынды жайлы фильм таспаланды. Басты рөлде – Фариза Ескермес. Актриса шығармаға арқау болған «Нуркамал» сұлудың образын ойдағыдай жеткізе алды ма?
Композитор Тұрдықылыш Ізтаев пен оның жары ақын – Ханбибі Есенқарақызының бірлесе шығарған туындысы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейітжановаға арналған. Режиссер Ернат Байұзақ шынайы оқиға желісін картиналамас бұрын ақын апамыздың рұқсаты мен ақ батасын алған екен.
Ернат Байұзақ, режиссер:
– Барып алдынан өтіп сұқбаттасып кездесіп ақылдасып, батасын алып, содан кейін барып сценарий жазуға кірістік. Ол кісінің ол жеке оқиғасы, өмірде болған оқиғасы.
Сазгерге ән, ақынға жыр болған Нурикамал образын Фариза Ескермес сомдайды. Актриса танымал жанды ойдағыдай алып шығу үшін Нурикамал Сейітжанованың медиа мұрғаттағы көзі тірісінде берген барлық сұқбаттарын көріп шықтым дейді.
– Нурикамал образын алып шығу үшін кішкене уайымдап, тіпті түсірілім алаңында көз жасына ерік берген екенсіз, не себеп?
Фариза Ескермес, актриса:
– Оны қайдан білесіздер?
– Режиссер айтты
– Өйткені Нурикамал ханым өмірде болған адам болғандықтаy… Және ол кісі өмірден өтті осыдан бірнеше жыл бұрын, Нурикамал ханыммен ешқашан таныс болған жоқпын. Ол адамды ойнау, сомдау оңай болған жоқ әрине. Және сол түсірілім алаңында да сол кісінің рухы тұрған сияқты болды.
Сюжет желісі бойынша ақын Ханбибі Есенқарақызы шығармашылық тоқырауға ұшырап, күйзелісте жүрген сазгер жарын шабыттандыру үшін тау бөктеріне демалысқа апарады. Алайда композитор жүрегі шабытты таза ауа мен әсем табиғаттан емес, мәдениет қызметкері Нурикамал сұлудың бойынан тауып, нәзік болмысын жаңа әнге арқау етеді. Сазгер Ізтаевты Олжас Дәлелхан сомдайды.
- Шығармаларын үйренуге тура келді, классикалық шығармалар ғой. Өйткені кадрда соны ойнап отыратын жерлері бар.
Басты рөлге түсірілімге 2 апта қалғанда бекітілген Дәлелхантегі фильмдегі барлық композицияны өзі орындаған екен. Күйсандықта да ойнай алуы Олжасқа үлкен көмегін тигізген.
– Сіз де әншісіз, композиторсыз, тіпті осы фильмнің де бүкіл әндерін жазған екенсіз.
– Түсірілім тобындағы адамдардың кейбіреуіне тосынсый болды менің пианинода ойнайтыным. «А-а-а ойнай алады екен ғой» деген сияқты. Бұл фильмге мен 1-ші класымнан бері дайындалып келе жатырмын деп айтсам болады, өйткені бірінші сыныпта алғаш рет пианиноға барғам.
Муза демекші, Нурикамалды хас сұлу етіп жарының көзіндегіні өзінің сөзімен жеткізген ақын Ханбибі Есенқарақызын Гүлбаһрам Байбосынова сомдады. «Кейіпкерім даналықтың символы, пәк өнерге бас иген жан» дейді. Ал, актрисаның жары картинадағыдай өнер адамы. Қазбек Төлент келіншегінің шеберлігіне тәнті болғанын айтады.
– Сіздердің де махаббат хикаяларыңыз осылай түсірілім алаңынан немесе сахнадан басталған шығар?
Қазбек Төлен, Г. Байбосынованың күйеуі, актер:
– Сахнадан басталды, иә біздікі. Мен Гүлбаһрамның шығармашылығын театрға келмей тұрып бұрыннан білем деп айтсам болады. Әлі күнге дейін мен оның жеке фанатымын десем болады.
Гүлбаһрам Байбосынова, актриса
– Уай, рақмет. Бірінші рет айтып тұр.
– Мынадай сөзді есту мәртебе шығар, иә?
– Конечно.
Фильмге арқау болған әннің орындаушысы Жұбаныш Жексенұлы лентаның ғұмыры да ұзақ болғанын қалайды. Сондықтан картина үшін ерекше алаңдаулы екенін жеткізді.
Жұбаныш Жексенұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
– Іштей қобалжу бар, шіркін-ай менің көңілімнен шықса екен деген.+00:27 - Көптеген біздің аналарымызға қыздарға арналған әндердің, қыздарға әннен қойылған ескерткіштің біріне айналған ән деп айтсақ болады Нурикамалды.
Асанәлі Әшімов, КСРО Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері:
– Бірақ бір жерінде айтарым, «Нурикамал Қамалым-ай» болуы керек. «Камалым-ай» емес, осы жерді ескерсін.