Дильназ Ахмадиева шығармашылығындағы ауқымды жаңалықпен бөлісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дильназ Ахмадиева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші:

– Бүгін кішігірім соло кешім өтіп жатыр. Кішігірім деуім тек 40 минутқа созылады. Бұл үлкен концертке дайындық десек, артық айтқанымыз емес. Себебі келер жылы республика сарайында ауқымды соло концерт өтеді. Бұл кешімнің мюзикл сияқты, актерлық қойылымдар арқылы өткенін қалаймын. Бірақ толықтай мюзикл болмайды. Әлі ойластырып жатырмыз. Тек Алматыда ғана емес, Астанада, одан кейін республикаларымыздың басқа да өңірлерін аралаймыз. Күтіңіздер!

Кеште Дильназ Ахмадиеваның ең танымал хиттері орындалды. Трек листтегі әндердің барлығы дерлік қоржынында бұрыннан бар туындылар. «Ал жаңа синглдерді келер жылы тыңдайсыздар»,- деп уәде берді.

 

Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek

– Осы жылы ән жаздым деп жаңалығыңызбен бөлістіңіз. Осы жайлы айтьып беріңізші. Бүгін ол синглді орындайсыз ба?

– Ауыз толтырып айтатындай емес. Бірақ бұл ән маған түсімде келді, яғни мен түсімде осы әнді жаздым. Осы туындымды көрсетуге ұялмаған бірден бір адам ол Адиль Жамбакиев. Енді осы экс-продюсеріммен бірге орындаймыз.

Шығармашылығындағы жалғыз жаңалық бұл емес. Жақын күндері тыңдармандарына 6 жаңа релизі жол тартпақ.

 

Релизде Kyle Ruh, Мади Рымбаев, Еркеш тағы басқа да композиторлардың әндері болады. Барлығы махаббат жайлы әндер. Жауапсыз махаббат, мәнді махаббат тағысын тағы менің өмірімде орын алған барлық махаббатты әнмен жеткіземін.

Жақында жарыққа шыққан Дильназдың бейнебаяны әлі де көпшіліктің талқылауында. Себебі ғашықтардың рөлін экс-күйеуі сомдады. Көпшілік оларды қайта қосылды деп топшылағанымен «Бізді байланыстыратын баламыз бен шығармашылық қана» дейді, әнші.

– Көрермен бізді қайта қосылды, одан кейін қайтадан айырылысты деп ойлап қалды. Бірақ олай емес. Ал оның басқа қызды сүйгенінде тұрған ештеңе жоқ. Себебі ол экс-күйеуім. Бұл біріншіден. Екіншіден ол актер. Сондықтан оған болады.

– Қызғанбадыңыз ба?

– Жоқ, қызғанбадым. Кесірінше камерада әдемі сүйісуді үйреттім.

«Ортамды тазаладым» деген әншінің өнердегі достары бұл кеште бой көрсетпеді. Десе де ата-анасы мен бауырлары жанынан табылды. Әкесі әрі Қазақстанның Халық әртісі – Мұрат Ахмадиев қызының шығармашылығынан ғана емес, жеке өміріне қатысты жаңалықтардан да үмітті екенін жеткізді.

– Кейде адамдардың жеке өмірінде қиындықтар болуы мүмкін. Содан кейін адамдар үмітін үзе бастайды. Мен жақсылыққа үміттімін. Өзінің жартысын кездестіре деп сенемін. Мен оның ақ көйлек кигенін күтемін.

 

«Золотой-золотой» әнімен басталған соло кеш осы әнмен өз мәресіне жетті. Трек листтегі синглдер аяқталған соң, көрермен сүйікті әншісімен қимай қоштасты.