Дүрия ҚЫДЫРБЕК, @duriiya_kydyrbek
Нұрлан Қоянбаев өзіне мобилограф іздейді! Айлығы да жаман емес! 1 млн теңге! Продюсер ұсынған вакансиядан «BayGUYS» -тық Жалғас Елеусінов үмітті. Алайда серінің қалауы оңай орындалатын нәрсе емес. Түсірілім алаңындамыз.
Нұрлан Қоянбаев кішігірім үзілістен кейін киноиндустрияға қайта оралды. Продюсер «бұл комедияның жөні бөлек» дейді. Себебі туындыда күлдіртіп қана қоймай, тарихқа шегініп, қоғамдағы кемшіліктердің бастауын анықтамақ. Бастысы әр көрерменге бірліктің маңызын ұғындырады-мыс.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:
-Тарихта маңызды кезеңдер бар. Сол тарихқа көңіл бөлеміз. Ханмен кездесіп, ханға қазіргі болған оқиғаларды айтып беремін. Хан шешімдерін айтады.
- Тарихқа шегінеміз деп жатырсыз. Өткенде бір сұхбатыңызда айтып қалдыңыз. Неге біздің хандардың алдында керемет тамақ түрлері тұрмайды деп. Неге киімдері мыж-мыж деп. Сол олқылықты өзіңіз түзейсіз бе?
- Өздеріңіз байқаған шығарсыз. Түсірген жеріміз, ханның отыратын жері де, цветовая гамма дейді ғой, бәрін басқаша жасап жатырмыз. Рим империясы өзін қалай көрсетеді, мен де дәл солай өз тарихымды көрсеткім келеді.
Фильмнің желісі бойынша Бейбіт және Ермек есімді достар Нұрлан Қоянбаевты іздеп, ауылдан қалаға ат арылтады. Ондағы мақсаты – сүйіктісінің талабын орындап, продюсердің мобилографы болу. Қызығы
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:
- Сіздің мобилографыңыздың да есімі Бейбіт, кейіпкердің де есімі Бейбіт. Ұқсастық па? Әлде фильм шынайы оқиғаға негізделген бе?
- Ол құпия болсын десең да. Барлық оқиғалар шынайы өмірден алынады ғой. Өмірімде сондай мобилограф кездескен. Онша емес видеолар түсіріп мен оны инстаға салғам. Содан идея туындады. Содан осыны киноға айналдырайық деген сияқты. Яғни сол мобилограф тақырыбында кино жалғасын табады.
Басты рөлде «BayGUYS» -тық Жалғас Елеусінов пен Бағжан Данай. Жігіттер өз фильмдерінің түсірілімалды жұмыстарын уақытша тоқтатып, аталмыш жобаға білек сыбана кіріскен екен.
Жалғас Елеусінов, «BayGUYS» тобының мүшесі:
- Бізге бір жағынан опыт бұл. Нұрлан ағамызбен бірге жүрміз. Ол да бізге жақсы деп ойлаймын.
- Менің рөлім Бейбіт деген жігіт. Махаббаты үшін барлығына дайын екенін дәлелдейді.
- Өздеріңізді сомдап жүрсіздер ме? Әлде басқа образда көреміз бе?
-Біз өзімізді ойнап жүрміз. Режиссерден ешқандай талап жоқ. Себебі Байгас жігіттері мінсізбіз.
Бағжан Данай, «BayGUYS» тобының мүшесі:
- Кино бел ортасынан асқаннан кейін ең қызық жері басталады. Айтар ойы көп.
Көрермен биыл да жаңа жылды әдеттен таңбай Нұрлан Қоянбаевтың фильмімен қарсы алады.
Жалғас Елеусінов, «BayGUYS» тобының мүшесі:
- Құрметті, қазақстандықтар. Барлықтарыңызды 19- желтоқсаннан бастап, «қазақ әлемі» фильміне шақырамын.