«Апорт пәтер ұтыс»

Сообщить о проблеме с эфиром

20 мың теңгеге сауда жаса да пәтер ұт! Aport Mall West ойын-сауық орталығы өзінің 15 жылдығына орай шілде мен қыркүйек айларының арасында шоппинг жасаған әрбір тұтынушысына осындай мүмкіндік сыйлады. 5 жылдан бері ауқымды ұтыстар мен байқаулар ұйымдастырып қонақтарын қуантуды әдетке айналдырған орталық, мұнымен тоқтамақ емес.

Динара Амренова, «Aport Mall» маркетинг департаментінің директоры:

- Бүгін Апорт Молға 15 жыл толды. Сауда үйіндегі барша дүкендер қонақтарға тосынсый жасады. Алма таратты. Балаларға тегін мастер-кластар, аниматормен ойындар ұйымдастырылды.

Апорттың батыстағы орталығы ұйымдастырған ұтысқа 300-ге жуық адам қатысқан. Ал айтулы күнде 150 шақты қонақ сауда үйінен үлкенді-кішілі сыйлықтарға ие болды. Түрлі сертификаттар, 100 азық-түлік толған себет пен 30 тұрмыстық техникалар табысталды.

Көпшілік күткен сауда орталығының басты сыйлығы – Алматы қаласындағы элиталы пәтердің кіміге бұйырғанын Апорт, әдетінше сахнадағы реквизит есікті ашу арқылы анықтады.

Элиталы пәтерді жеңу Сейдахметова Сәуле есімді тұтынушыға бұйырды. Жеңімпаз молдың жыл сайынғы ұтысына белсене қатысады екен. Бұл жолы ол үш ай аралығында 20-ға жуық сауда жасаған көрінеді.

Сейдахметова Сәуле, жеңімпаз:

- Соңғы үмітпен уже есіктің алдына барғанмын ғой коляскамен «Сейдахметова» деген кезде прибежала жүгіріп келіп, өте қуанышытымын. Көп рақмет.

Бұдан былай Райымбек көшесінің бойындағы сауда үйі атауын Aport Mall West деп өзгерткен. Орталықтың сырты ғана емес, ішкі интерьері де түбегейлі жаңармақ. Қонақтарын барынша қуантуға тырысатын молл өкілдері, «тұтынушыларымызға жақын болғымыз келеді»,- дейді.

Динара Амренова, «Aport Mall» маркетинг департаментінің директоры:

- Балаларға пайдалы көптеген орындар ашылады. Тегін мастер- класстар, кітапхана, сондай-ақ кинотеатрда ғылыми, декректі фильмдерді тегін көрсетеміз. Танымал жұлдызды қонақтармен кездесу, концерттер де жиі ұйымдастыру жоспарда бар. Барынша пайдалы болғымыз келеді.