«Решающий раунд» Еркебұлан Тоқтар тіпті гонорарына да мән бермей түсуге келіскен жоба. Октагон жұлдызы спорттық драма бірден елітіп әкетті дейді.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Мен бірден айттым спортивная драма синопсисын естігеннен кейін, давайте. Тем более Дәулет бірінші кездесуде айтты сценарий жазған кезде саған жаздым деп. Сондықтан бірден келісімімді бердім енді. Ар жағында финансовый там басқалар мәселелер қалып тұрды. Бірақ оның бәрін шешуге болатын.
Рөл жанкештілікті де талап етті дейді актер.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Менде съемка басталмай тұрып басталып кеткен, өйткені маған 10 келі түсіру керек болды. Мен 86 келі болып тұрдым. Енді 76 келімін.
Драма – олимп шыңын бағындыруды меже еткен Арлан есімді жас боксшының тағдыры жайлы. 1 айға жуық жүрген түсірілімнің тең жартысы шаршы алаңда өткен. Тіпті 12 сағаттық тоқтаусыз жекпе-жек сахналарынан соң Еркебұлан Тоқтардың денсаулығы сыр берген.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Мынау мысалыға соңғы съемкалардың іздері. Мынау кеткен уже. 10 күн өтті. Осындай ссадиналар өте көп болды бізде. Денсаулығыма өте қатты зиян келіп жатыр, мына жерде режиссер продюсер отыр құлағына алтын сырға деп қоясың ғой.
Еркебұлан Тоқтардың туындыдағы қарсыласы - атышулы «Слово пацана. Кровь на асфальте» сериалының жұлдызы - Никита Кологривый. Ресейден арнайы Қазақстанға келген актер Ураган лақап атымен антогонист рөлінде.
Никита Кологривый, актер (Ресей):
– Түсірілім алаңында кәсіби мамандардың болғаны қуантады. Процесске ұзақ уақыт жұмсайдың қажет жоқ. Қонақжайлылық қатты сезіліп тұр. Үйде жүргендеймін.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Никита өте жап-жақсы жігіт, өте жақсы. Ешқандай бір звезде ұстап қалған, правасын качать етіп қалған бала емес. Күшті сразу кездестік таныстық сөйлесіп кеттік. Тренировканы бастап кеттік.
Никита Кологривый фильмге су тегін түскен. Оның бір тиын талап етпеуіне режиссермен арадағы жолдастығы сеп. «Решающий раунд» жобасы – Даулет Жұмабаевқа тиесілі. Ол Никитамен араларынан қыл өтпес дос.
Дәулет Жұмабаев, режиссер:
– Желтоксан айында «Слово пацана» жарық көріп бум болған кезде мен Никитаға хабарластым, өзімнің киномды түсірейін деп жатқанымды айттым. Ол бұрын тегін түсіп беремін деген уәдесінде тұрып, бірден келісімін берді.
Дәулет Жұмабаев - туындының бас продюсері, идея және сценарий авторы, сондай-ақ ол қоюшы режиссер. Еске салсақ, киногер 2020 жылы Тимур Бекмамбетовтың 300 үміткер бақ сынаған питчингін жеңіп алып, алып тұлғамен бірге жұмыс істеу құрметіне ие болған шәкірті.
Каст құрамында сондай-ақ, «Ирина Кайратовна» командасының мүшесі Ұлан Қайраласов та бар.
Ұлан Қайраласов, актер, «Ирина Кайратовна» командасының мүшесі:
- Бізде Қазақстанда төбелес бар кинолар аздау болды. Сондықтан жаңа жаңағы режиссерский взгляд дейді ғой, жаңа осындай бір көрініспен қалай болатынын көрейік деп, өзіме бір жаңалық аштым.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Бұл фильмнің мақсаты – балаларды спортсмен қылу.Спортқа деген махаббат тудыру, спорттық романтиканы көрсету. Мен спорттан біраз нәрсені айырып жібермесем де білемін де шет жағасын.
Ал Еркебұлан Тоқтардың ғашығын – Астана қаласындағы «Музыкалық жас көрермен» театрының актрисасы Арелана Амагелді сомдайды. Жоба оның алғашқы ауқымды фильмі.
Арелана Амангелді, актриса:
- Мен негізі басқа жобамен Алматы қаласында жүрген болатынмын, сол жобаға түсіп жүрген кезде қосымша осы жаққа кастингке келіп, ары қарай Алматы қаласында қалып кеттім.