Қанат пен Сабина жүре ме? Бұл соңғы кездегі актуалды сұрақтардың бірі. Алыстан орағытпай көкейдегіні Тасхан-тегінің өзіне тікелей қойдық. «Миллиондық» сері бұл тақырыптан шаршаған сияқты. Қияқы жауап қатты.
– Сабина екеуіңізді соңғы кезде жиі көреміз. Не байланыстырады?
Қанат Тасхан, әзілкеш:
– Қатыным ғой ол менің.
Қанаттан мардымды жауап ала алмағаннан кейін сауалымызды Сабинаға да жолдап көрдік.
– Енді ел арасында Қанат екеуің туралы алып-қашпа әңгіме көп. Өзің нүктесін қойшы?
Сабина Мовлаева, блогер:
– Канаааа... Деп ше... Көмектесші пожалуйста! Мен уже талай бәріне айтып тастадым ғой. Что біз доспыз деп.
- Бірақ әлі сенбей жатыр ғой жұрт.
- Бәрі сенбесе ладно. Сіз сенуіңіз керек қой.
- Мен халықтың атынан сөйлеймін ғой.
- Мамммааа...
– Достықтарыңның пайызын өлшегенде неше деген көрсеткішке жетеді?
Сабина Мовлаева, блогер:
– Тоқсан тоғыз. Вот честно.
– Жалпы бір бірлеріңе жиі сыйлық бересіңдер иә?
Сабина Мовлаева, блогер:
– Иә. Білмеймін. Айтады ғой сыйлық берсең, сыйластығың арта түседі деген сияқты.
– Ең қымбат сыйлығың оған берген?
– Луи витон. 300 мың.
- Одан алған? Брилиант қой деймін иә қателеспесем?
- Жоқ. Туған күніме подарок берген. Ақшалай сыйлық.
- 1 миллион?
– Ну... Болады.
- Дым айтпайды ғой.
- Бір нөлін алып таста.
- 100 мың ба не?
- Қалжың.
Сабинадан сұрап, суырып ала алмағынымызды Қанатқа қойдық.
– Туған күнінде күшті сыйлық берген екенсіз. Не бердіңіз?
Қанат Тасхан, әзілкеш:
– Сабинаның ба? Не бердім е? Айтатын ақша емес. Арзымайтын ақша.
- Бірақ ол сізге луи витоннан ремень берген екен. Бүгін тағып келген, көзіндей қылып Сабинаның.
- Ойбай, иә. Тағып жүрмесең ұрсады бұл.