Эксклюзив! Қазақстанға қонаққа келген Hammali & Navai -дың тілегі не болды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Жасыл желекті, өзеннің жағасында өтетін бүгінгі концертте: Hammali & Navai, Hiro, Shiza, Akha сынды әртістер өнер көрсетпек! Рахат фесттеміз.

Кеш шымылдығын ашқан хедлайнерлердің бірі – Аkha. Әншінің туған күні, фестпен қатар келген. Бұл Ахметтің 31-ші көктемі.

Аkha, әнші:

– Бұл кездейсоқ жағдай болып қалды негізі. Әр туған күнімізді біз, жұбайым екеуіміз өзіміз немесе достарымыздың арасында тойлайтынбыз. Бірақ бұл жолы Құдай өзі осындайға жеткізді.

Akha-ның жұбайы Аиша да кеште төбе көрсетті. Әртістің келіншегі: әркез Ахмет қалың көпшілік алдында сезімін білдіріп, маған арнаған әндерін шырқағанда, төбем көкке бір елі жетпей тұрады,-дейді.

Аishka, Akha-ның келіншегі:

  • Сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Үш жылдан бері өз оқырмандарыма бұл әсердің қандай болатынын барынша түсіндіріп келемін. Бір сөзбен айтқанда, ыстық ықылас пен үлкен махаббат дер едім.

Одан кейін сахна көркін қыздырғандардың бірі – Hiro. 1 сағатқа жуық өнер көрсеткен Бекболат, бұл жолы ән айтып қана қоймай ырғаққа ілесіп, би де биледі. Әртіске ең көп қойылатын сауалды, біз де жолдап көрдік:

– Hiro неге сен жас көрінесің? Әлі өзгерген жоқсың. 10 жыл болды сахнада жүргеніңе. Құпиясын айтшы?

Hiro, рэпер:

  • Бар мәселе махаббатта деп ойлаймын. Себебі бір адамды жақсы көремін.
  • Сол үшін күшті тректер шыға ма?
  • Возможно сол үшін.

Фесттің түйінін, талай тренд тректердің авторлары әрі орындаушылары Hammali & Navai қойды. Мыңдаған адам күндізгі жауған жауынға қарамастан, оларды тапжылмастан, қас қарайғанға дейін күтті.

– Жалпы бүгінгі жиналған жеті мың адам барлық тректеріңізді жатқа айтады.

Наваи Бакиров, әнші:

Өте қуаныштымыз! Бізге Қазақстанға келген ұнайды. Адамдары да үнемі жылы қарсы алады. Әндерімізді жатқа айтады. Рақмет!

Бір қызығы Hammali & Navai сахнаға шыққаны сол, себелеген жауын сап тыйылды.

– Жаңа сіздердің алдарыңызда жаңбыр жауып тұрды. Бірақ сіздер келген соң қойды.

Наваи Бакиров, әнші:

– Потому что... Мы... Попросили...

Hammali, әнші:

– Біз өнер көрсетіп жатқанда, тыңдарманымыз жаңбырдың астында су-су болып қалмасын деп Құдайдан тіледік қой.

Қос әртіс алдағы жоспарларымен де бөлісті. Күзге қарай үлкен турмен Қазақстанға қайта келмек ниетте екен. Өнерпаздар кештің керемет өткенін айтып, әсерлерін жеткізді:

– Негізінде нөсердің де өз романтикасы бар ғой. Жаңбырдың астында ән айтудың өз кереметі бар.

– Рахат фест – трендтегі тректердің, чил аут кеңістіктер және музыка мен көңіл күйдің эпицентрі!