Әділет Қордабай, С. Майғазиевтың ұлы
- Әкем ешқашан маған қолын көтермеген, дауысын да көтермеген себебі екеміздің қарым-қатынасымыз ол жан достар сияқты. Ешқашан бір сөз қайтарып көрмегем, ешқашан қарсы келіп көрмегем.
Сәкен Майғазиев, «МузАРТ» тобының әншісі
- Ыммен ұғынысу деген дүние бар негізі. Менің де әкем маған қол көтеріп немесе дауыс көтеріп көрген емес, бір кішкентай тәйт деген сияқты бір күрсініп қоя салатын. Қазақ айтады ғой «таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді»,- деп.
Сәкен Майғазиев пен тұңғышы Әділеттің арасында коннект тым мықты.
Олар дос, сырлас, үзеңгілес. Тіпті, махаббат тақырыбы да оларға табу емес.
«МузАРТ» тобының әншісі әуелі құданы, сосын келінді өзі таңдайтын болған. Қала берді, босағасын аттауға лайық ау деген аруды таспаға тартып, ұлына көрсетеді екен.
Әділет Қордабай, С. Майғазиевтың ұлы
- Бұл кісі маған суреттерін көрсетеді.
Сәкен Майғазиев, «МузАРТ» тобының әншісі
- Айтсай қанша сурет алып келдім саған?
- Қазақ айтады ғой «шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш», - деп. Кейбір әулеттерге барған кезде өте қызығасың, отбасына берекесіне, тыныштығына, дастарқанының ыдыс аяғының тазалығына деген сияқты, сол кезде сондай отбасымен құда болсам деп армандаймын ғой менде. Әлі де әкеліп жүрмін, бірақ енді нәтиже жоқ.
Сәкен мен ұлы Әділеттің көп қызығарлық қарым-қатынасына «Сәлем, папа» фильмінің премьерасында куә болдық. Еске салсақ, аталмыш картина ата-ана мен баланың байланысы хақында. Басты рөлде – Еркебұлан Дайыров.
Еркебұлан Дайыров, актер
- Менің түсінігімде қазіргі таңдағы отбасында осындай проблемаларға жиі ұшырап жүрген бізде отандастарымыз жетеді. Сол үшін әке мен баланың арасындағы проблема шешілмей қалған айтылмай қалған әңгімелерді менің түсінігімде осы киноны көріп бір дұрыс шешім қабылдауға болады деп ойлаймын.
Драмеди жанрында таспаланған фильмнің сценарийі 8 ай бойы жазылған. Ал оның жүзеге асуына 2 жыл уақыт жұмсалған. Идея авторы және лентаның режиссері «New York Film Academy» түлегі – Дамир Тастембеков. Киногер жобаны бастар алдында әкемнің батасын алдым дейді.
Дамир Тастембеков, режиссер
- Әкем өмірде ақкөңіл. Екеуміз жақын достар сияқты араласамыз. Үйде әке мен бала болсақ, жұмыста серіктеспіз. Мен фильм таспалағым келеді деген сәтте ең бірінші қолдаған сол кісі.
Жасұлан Көпберген, актер
- Көп моменттерде әке-шешеміз бізді түсінбейді деп жатамыз ол кісілерге неге ол бүйтіп, неге мына жерге жібермейді неге түнде келсең ұрысады деген сияқты. Әке-шешеміздің қадірін білу керек екеніміздің ол кісілердің бізге деген жасаған еңбегінің бір пайызын да қайтара алмаймыз негізі. Бірақ хотя бы соны біліп, қадірін біліп өтсек деген ой тастайды бұл кино.
Жасұлан Көпберген – туындыда Еркебұлан Дайыровтың ұлын сомдайды. Жас актер жобадан қомақты гонорар алған.
Жасұлан Көпберген, актер
- Қомақты гонорар алдық иә, мен отбасымды ата-анамды, інімді, племянниктарымды әпкемнің балаларын круизға жібердім бүкіл әлемді айналып келді.
«Сәлем, папа» картинасының көрсетіліміне келген жұлдызды қонақтар да бала тәрбиесі жайлы өз пікірлерін білдірді.
Нышанбек Жұбанаев, актер
- Мен ойлаймын әрбір әке керек кезінде қатал да бола білу керек, керек кезінде өте пушистый бола білу керек ол ситуацияға байланысты деп ойлаймын. Просто менің жыныма ешкім келмесе сссс деп боқтап жіберсең иә.
Роза Әшірбаева, коуч
- Менен бала тәрбиесі туралы көп сұрайды, бала тәрбиесі туралы мен ойлаймын бір жасым 50-ге барғанда айта алатын шығармын. Өйткені өзімнің балаларым әлі жасөспірім, олар ертең қоғамға қандай адам болып қосылатынын мен білмеймін. Ертең ұлдарым үйленген кезде ертең әйелі айтады мен оларды қала тәрбиеледімді, сондықтан қазір бірдеңе деп айту ерте.