Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Оны жұрт түрліше атайды. Оған өзі де қарсы емес. Ернар, Бүркіт, Әміре. Концерттеміз!
Әміре аңсаған, 17 жыл армандаған концерт 3 бөлімнен тұрды. Классикалық әндерден басталған кеш, ырғақты әуендермен, хит тректерімен жалғасты. Әртіс үшін бұл шараның жүгі ауыр болды. Басты себеп – денсаулығы.
– Жалпы денсаулық жағынан қандай қиындықтар болды? Сол туралы айтып беріңізші.
Әміре, әнші:
– Енді шағымданғаным емес. Білмеймін солай ауырып қалдым. Он күн болды. Міне, өтірік айтпаймын. Врачтарым қасымда. Он күн бойы антибиотик, укол, система. Кетпеді тамағым. Білмеймін неге олай болғанын. Бірақ концертті отмена қылуға болмайды. Не болса да, жанды дауыста толықтай орындап шықтым.
Концерттің басталуына 1,5 сағат қалғанда барлық билеттер сатылып, солд аут болған. 1 ай бұрын Алматыға түбегейлі қоныс аударған Әміре: кешті абыройлы атқарып шыққаныма қуаныштымын,-дейді.
Әміре, әнші:
– 6 жыл Астанада тұрдым. Біраз жұмыстарымды бітірдім. Алматының шаруаларынан тыс қалдым шыны керек. Сондықтан осындай концертпен тікелей көшіп келдім.
- Қазір қайда тұрып жатырсыз?
- Мен қазір АДК жақта.
- Жоқ. Өзіңіздің пәтеріңіз бар ма еді дегенім ғой.
- Жоқ. Өзімнің пәтерім емес. Достарымның үйінде тұрып жатырмын. Маған берді тұра тұруға. Құдайға шүкір мықты достарым өте көп.
Ернар Садырбаевқа қолдау білдіріп, Тұрар Ыдырыс та келді. Қос әртістің достығына 10 жылға жуық уақыт болған.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Жалпы Әміре екеуіміз, баяғыдан мен ән айтпас бұрын, Әміре Әміре болмас бұрын, ол кезде Ернар Садырбаев болып жүрген кезінде сол кезден бастап доспыз. Мынау не болды ғой «Маска» деген бағдарлама жалпы Әміренің бағын ашқан деп айтайықшы. Сол кезде Әміре біздің үйде жатқан.
Марғұлан Әден, блогер:
- Уәлибек аға айтты да...
- Уәлибек Әбдірайымов?
- Иә. Сол кісі айтты да, бұрында орысша әндерге қайғыратынбыз дейді. Қазір біздің қазақша әндеріміз дамып, қазіргі жастар қазақша әндер тыңдайды. Сол әндерге қайғырып,
- Қайғыру әндерінің амбассадоры өзім.
«Жанар Дұғалова менің музам»,-деген Әміре, Жанармен «Болды» композициясын бірге орындады.
Концертте өнер көрсеткен әртістер арасында Қайрат Нұртас та бар. небәрі екі трек орындаған өнерпаз, республика сарайына жиылған жұртты билетті.
Досына демеу болып Жансерік Қадырбаев та келді. Кеш барысында, Әміренің талай халықаралық байқауларға киген қызыл костюмы, билет алғандар арасында ойнатылды. Жансеріктің өзі: соңғы кезде өмірімдегі қиын да, күрделі сәттерде қасымнан табылған достарымның бірі – Әміре,-дейді.
Жансерік Қадырбаев, блогер:
– 4-5 жылдай уақыт болды енді таныс болғанымызға. Дос болғанымызға. Соңғы уақытта жиі қоңырау шалып, бір бірімізбен видеозвонокпен сөйлесіп. Жақында бір үлкен жобалардың сәтсіздігінде де, қасымда болып қолдауын білдіріп.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Әміренің Алматыдағы алғашқы кеші осымен тәмәм! 3,5 адам. Солд аут. Жанды дауыс. Жағымды атмосфера.