Мадина Дәулетқызы, @makeshi_
- Eurasian Fashion Week жалғасуда! Сән апталығы дизайнерлер арасында тәжірбие алмасатын ауқымды алаңға айналып үлгерді. Мәселен, бүгін балалар коллекциясының таныстырылымы өтпек. Ал онда «ерекше» модельдер өнер көрсетеді.
Eurasian Fashion Week-тің бұл күні GUIDE, WOW KIDS, MIMIORIKI сынды брендтер балалар топтамасын таныстырды. Сәнгерлер арасында ерекше көзге түскен – Дамила Баль болды. Көрсетілімге барын сала дайындалған дизайнер
сахнада кішігірім перфоманс ұсынды.
Дамира Баль, дизайнер:
- Ауыз су тапшылығы бүгінде жаһандық мәселеге айналып отыр. Егер адамдар суды үнемдемесе қандай қиындыққа тап болатынын коллекция арқылы жеткізгім келді. Халыққа сапалы киім ұсынып қана қоймай, топтама арқылы көпке ой салғым келді.
Сондай-ақ, кеште сәнгердің «Қуыршақ» атты топтамасы да ұсынылды. Үлгілерде ұлттық нақыш элементтерін байқауға болады. Ал Дамира Бальдың коллекцияларын таныстыруға «ерекше» модельдер ат салысты.
Диана Снегина, EFW PR директоры:
- Бүгін қозғалысы шектеулі және онко дертке шалдыққан балалар топтаманы таныстырды. Осылайша, біз оларға қуаныш сыйлағымыз келді. Сән апталығының бұл бастамасы ары қарай да жалғасын табатынына сенеміз.
Шарада кішкентай модельдер арасында жұлдызды ата-аналардың балалары да көп болды. Мәселен, Алан Черкасов пен Анастасия Клещенко қыздары Арнеланы қолдай келген.
Анастасия Клещенко, «Амуаж» тобының әншісі:
- Бұл Арнеланың дебюты емес. Осыған дейін талай рет модель болып келді. Арнела өте белсенді бала, шақыртулар түсіп жатса бас тартпаймыз. Себебі, бұл жаңа тәжірибие, жаңа мүмкіндік. Қызыма осы ортада өте қызық.
Екі күнге созылған Eurasian Fashion Week осылайша өз мәресіне жетті. Сән апталығы енді әдеттегідей күзде қайта ұйымдастырылмақ.
Ирина Байжанова, EFW директоры:
- Биыл «этникалық ой-сана» тақырыбы арқылы жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын оятқымыз келді. Миссиямыз аз да болса орындалды деп үміттенемін.