Алматыны шулатқан Шерзингер! Николь мен рэпер T.I-дың ән кеші қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ержан Мухатаев, @erzhan_muhataev

- Сәлем достар, мен бүгін мен әдеттегідей студияда емес, Алматы Аренадамын. Дәл осы ауқымды сахнада R&B жанрының патшайымы - Николь Шерзингер өнер көрсететін болады.

Николь Шерзингердің атағы «The Pussycat Dolls» құрамында жүргенде асқақтады. Сылқым сол тұста «Stickwitu» трегімен «Грэмми» жүлдесін иеленген еді. PCD-тың әр трегі «Billboard» топ-чартынан түспейтін. Тіпті 25 жыл өтсе де бұл композияциялар әлі де трендте. Еске салсақ, 2010 жылы гелзбенд тарағалы бері, Николь соло әртіс.

Zee & Eldana Foureyes, блогерлер:

- Я жду ту легендарную хореграфию с клипов.

Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса:

– Кештің энергетикасы мықты болады деп сенемін. Таяуда, 50 Cent-тің концертіне барып, 1 ай есімді жия алмаған шығармын. Николь да дәл солай шоу жасайды деп үміттенемін.

Айман Молдабекова, модель:

- Кештен жәй ғана ляззат алғым келеді. Николь мен Т.І-ді көру мен үшін арман еді.

- Сахнаның қақ алдында vip зона орналасқан, ол жерде жұлдыздар, инфлюенсерлер жайғасқан. Барып әріпестерімнмен амандасып қайтайын.

Мадина Сәдуақасова, әнші:

- Мен шынымды айтсам сізді көремін деп ойламаппын...

- Біз Николь екеуміз жастымыз...

- Мәссаған...

-79-шы жылы мен және Николь, сондықтан бүгін құрдасымның кеші, қалай мен келмеймін.

Тимур Балымбетов, жүргізуші:

- Көңіл-күй қалай?

-Жақсы өйткені екі баламызды үйде қалдырып концертке келдік, сондықтан өте күшті.

-Шынымды айтсам қатты таңқалып жатырмын, сенде Николь Шерзингердің фанатсың ба?

- Менде болғанда бұл біздің шалдардың жұлдызы ғой. Сен қайдан білесің деп таңқалып тұрмын мен. Жоқ әрине 2000 жылдардың басы, студенттік кезіміз біздің және Лаурам жақсы көреді.

Дәл осы сахнада Никольмен бірге американдық рэпер T.I- да өнер көрсетті. Еске салсақ, «Грэмми» иегерінің Никольмен бірнеше ортақ әні бар.

Виолетта Тельманова, продюсер, радиожүргізуші:

- Менің қолымда Т.І-дің 2008 жылы жарық көрген пластинкасы бар және 2 плакат әзірлеп келдім.

Виолетта Тельманова, продюсер, радиожүргізуші:

- Тиай сахнадан түсіп пластинкаға афтограф қойып берсе деген арманым бар. Қол қоймаса да бұл пластиканың өзіндік тарихы бар. Себебі альбом Америкадан арнайы келді.

Zee & Eldana Foureyes, блогерлер:

– Мектеп кезінде бөлмемді Никольдің суреті бар постерлермен толтырып қоятынмын.

- Билетті қанша теңгеге алдыңыз?

– 80 мың

- За 80к.

– 80 мың

Ал тыңдарманды настольгияға бөлеп, ауқымды шараны ұйымдастырған - First Media Group.

Ержан Мухатаев, @erzhan_muhataev

- Ауқымды декорация, таза дыбыс, керемет хореография! Осымен Николь Шерзингер мен рэпер T.I-дің концерті тәмам. Бізбен бірге болыңыздар, жаңалықтарды жалғастыратын менің әріптесім Қазақстандық Николь Шерзингер – Анара Батырхан.