Батыржан Жұмаділов, @batyrzhan_zhumadilov
- Бүгін Алматыда көптен күткен “ALA FEST” фестивалі басталды. Сахна төрінде De Lacure, Кисло-Сладкий, Jaman T, Taspay, Cali және тағы да басқа музыканттар өнер көрсетеді.
- Бүгінгі фест туралы айта кетіңізші?
Jaman T, рэпер:
- Мама мен телевизордамын.
Кештің басты хэдлайнерлерінің бірі De Lacure 15-16 әннен тұратын альбом шығаратынын айтты. Сондай-ақ әртіс Ирина Кайратовна тобымен бірнеше трек жазып жатқанын хабарлады.
De Lacure, рэпер:
- Альбомым шығады 2 айдың ішінде максимум. Аты «Ануар» альбомның. Это эксклюзив! Ойбай эксклюзив таратып жүрсің ғой!
- Илюха екеуміз жазған 5-6 трек бар. Соларды бітіретін ой бар.
- Бүгін райдер қойдыңыз ба?
- Иә.
- Қандай? Құпия болмаса?
- Фруктовая нарезка, мясная нарезка, көп су, қалғанын өзім сатып алып жатырмын.
Кисло-Сладкий, рэпер:
- Райдер? Братан, райдер простой. Любовь и три литра воды.
Сонымен қатар, рэпер жақында жарыққа шығатын албомының мұқабасын көрсетті.
Кисло-Сладкий, рэпер:
- 24 мамырда Магнум Опуз деген российский әртіспен альбом шығады. Сосын келесі айдың жетісі сольный альбом шығады «Love for dead» деген.
Музыкалық чарттарды «Красивая» трегімен бағыындырған Jaman T-да сахнада бой көрсетті. Рэпер авторлық құқық жайында көтерілген мәселеге қатысты жауап берді. Айта кетсек, бұл әннің авторы ара Мартиросян есімді армян әншісі.
Jaman T, рэпер:
- Жақында «Красивая» деген трегіңіз шықты. Хит болып жатыр қазір. Оның авторлық мәселесін қалай шештіңіз? Бұл кавер ме әлде қалай?
- Иә, Құдайға шүкір, шықты ол. Басқа припев қойдық ол жерге. Бұрыңғы припевін алып тастадық, басқа припев қойдық. Басқа сөз істедік, жаздық, шығардық, адамдарға ұнады. Құдайға шүкір.
Батыржан Жұмаділов, @batyrzhan_zhumadilov
Міне, осымен 3 сағатқа созылған “ALA FEST” өз мәресіне жетті. Көтеріңкі көңіл күй, драйв, трендегі тректер. Бұл кеште бәрі болды.