«Елге әрең оралдық». Нигерияның Лагос қаласында бір айға жуық «Адам бол» фильмінің түсірілімінде болған Рауан Романи, Қуаныш Құдайберген мен Рысқұл Қонақбаев ол күндердің қиын өткенін айтады.
Қуаныш Құдайберген, актер:
- Сол біз өте нашарлау жерінде түсіргеннен кейін ол жақ қылмыстық жағынан өте жоғары болды. Сол кезде бір түсірілім алаңына мачетомен келіп жергілікті жігіттер қорқытқаны бар.
Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91:
- Қандай сезімде болдыңыз сол кезде?
- Өте қорқынышты , өйткені ол жерде ешқандай Қазақстанның заңы да көмектеспейді, Нигерияның да заңы көмектеспейді. Сол заңсыз жер ғой.
Ал, Рауан Романи болса, тіл білгендігім көп көмектесті дейді.
Рауан Романи, актер:
- Тіл жағынан жігіттер қиналып қалды, бірақ бәрі маған, ауыздарын ашып қарайды «Рауан, не деп жатыр?»,- деп и айтып бересің.
Қуаныш Құдайберген, актер:
- Рауан, шынын айтқанда, Африкада суда жүзген балықтай жүрді ғой. Өз елінде жүргендей жүрді.
Алайда Африканың өз тәртіптері болған екен. Аптап ыстықта джунглидегі түсірілімдер моральді және физикалық тұрғыдан да оңайға соқпаған көрінеді.
Рауан Романи, актер:
- Иә, иә қиын болды, спартанское условие. Бірақ біздің қиыншылықпен салыстыруға болмайды.
Соған қарамастан, актер нигериялық әріптестерін таң қалдыра алған. Армрестлингтен африкалық жігіттерді жыққан ол «бойшаң болмасам да, қазақтың мықтылығын мойындата алдым»,- дейді.
Рауан Романи, актер:
- Бәрі ойлайды, денелері шыққан ірі жігіт деп. Содан кейін ой болды көрейінші деп, сөйтіп біреуін жеңіп, екіншісі ар жағынан келді «әрі тұр» деп итеріп бәрін, оны да жықтық. Ол енді мақтаншақтық емес, бірақ білмеймін енді өзіме ұнайды сөйтіп күштескен. Спортивный интерес.
Нигериямен бірлесе түсірген халықаралық жобаның продюсері, тележүргізуші - Қымбат Досжан. Лентаны таспалау Қазақстан атынан режиссер Алмас Әлімжанға бұйырса, Нигериядан Чета Чуку қолға алған. Картина Netflix Африка мен Prime TV-да көрерменге тамыз айында ұсынылмақ.
- Жалпы киноға бет бұруыңызға не себеп? Бізге бүгін жаңалық болып жатыр сіздің кинопродюсер атанып жатқаныңыз.
Қымбат Досжан, тележүргізуші, продюсер:
- Оңай болған жоқ. Бұл енді телевизиядағы продюсерлік жұмысым, редакторлық жұмысым болсын бұның барлығы багажың бар ғой. Сценарий жазылды, сосын олардың кеңесімен оларға біздің кейбір әзіл-қалжыңдарымыз түсініксіз болуы мүмкін, сол сияқты олардың кейбір менталитеті бізге түсініксіз болуы мүмкін.
Фильм Арсен есімді бай баласы мен оның достарының Африкадағы бастан өткен шытырман оқиғасын баяндайды. Басты рөлдердің бірін сомдайтын актер әрі сценарий авторы Рысқұл Қонақбаев «екі есе жауапкершілікті сезінудемін»,- дейді.
- Голливуд емес, Нолливуд жұлдызы боламын деп ойладың ба?
Рысқұл Қонақбаев, актер, сценарий:
- Ойламадым мүлде, үш ұйықтасам да түсіме кірмеуші еді осындай нәрсе. Сценарий жазғандықтан, өзім ойнағандықтан, сонау Нигерияға барып түсіріп келгендіктен қалай шығады халықтың көңілінен шыға ма, ұнай ма, ұнамай ма деген бір қобалжу сезімдемін.
Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91:
-АҚШ-қа аттанып, Нигериядан бір-ақ шыққан бұл үштіктің джунгли мен қатал саваннадағы қызықтары қалай өрбімек? Үлкен экрандардан көре аласыздар.