Еске салсақ, жұлдыз жұп 2017 жылы некелескен болатын. Бүгінде олар – Санжар, Айя есімді бүлдіршіндердің ата-анасы. «Жұрт не десе, о десін, бірақ біз ресми түрде үйлену тойын өткіземіз»-дейді Төлепберген-тегі.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Иә бұйырса үйлену той пландап жатырмыз күзге. Елдер енді біреулер күледі, біреулер нетеді, бірақ менің ойымша әрбір қазақтың қызының арманы - ақ көйлек киіп күйеуге тию. Бізде той болған жоқ, ұзатудан кейін. Сондықтан кәдімгідей дүркіретіп, Қазақстанға үлкен той жасап берейін деп жатырмын, жақсы бір рестораннан және де шетелден бір әнші шақыртып әдемі бір шоу істейін деп жатырмын бұйырса
- Шет елден әртіс шақыртам дедіңіз ғой, спойлер жасай аласыз ба әлде келіссөз жүргізілген жоқ па?
- Келіссөз жүргізіліп жатыр, бірақ әлі айтпаймын пока, бірақ мықты әртіс.
- Бізді шақырасыз ба?
- Шақырамын, только оператормен келсін, қасына адамдар ертіп келмеңіздер, концертке келдік деп.
Бүгінде Айқын келіншегінің арманын орындау үшін білек сыбана кірісіп кеткен. Тойға шақырылған меймандар тізімі де сақадай сай. «Салтанатты кешке жұмсалатын қаражат та аз емес»-дейді әнші.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Көп ақша кететін сияқты, қазір той жасау қымбат қой оның үстіне жай бір тойханада істей салмайсың. 300-400 дей адам шақыру керек. Может бартер достарым бар, әйтеуір аман-есен Құдайға шүкір. Біреуі ет береді, біреуі спиртной береді, сок береді деген сияқты, біреу әртістің несін подарок қылатын шығар кім біледі достар аман болсын!
- Тамада кім болады?
- Тамада негізі Тұрсынбекті сұрап тұрмын. Тұрсынбек, Ринат Сафаргулов екеуін. Ринат келісімін берді, енді Тұрсынбекпен сөйлесіп көру керек датаға байланысты көреміз.
Айқын мен Жұлдыз – шоу бизнестегі бақытты жұптардың бірі. Олардың махаббат ұшқыны жылдан-жылға жалындамаса, өшкен емес. Дегенмен, мұндай балдай тәтті кезеңге жету үшін бірнеше кикілжіңді бастан өткеруге тура келген.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Қазір вообще жаңа үйге көшкелі ата-анамызбен тұрғалы бері 4-5 ай вообще конфликт болған жоқ бір рет те болған жоқ әлі. Бір жағы ата-анадан ұяласың, екінші жағынан конфликтқа не жо. Бізде конфликт балалармен болады көбіне, балалар бір жерге барып ұрысып келеді тыңдамайды планшет нетеді сондай ғана.
- Негізі қандай жағдайларда келіспей қаласыздар?
Айқын Төлепберген, әнші:
- Көбіне штор осындай түс болу керек мынандай болу керек, сен маған көп болды гүл сыйламағалы ,там сондай сияқты бір ай өткен жоқ қой сыйлағаныма деген сияқты. Ондай прям конфликтке не жоқ повод жоқ оған конфликт жоқ. Мен көп қыдырамын ғой достарыммен ары-бері жүрем, сол кезде жаңағы келесі күні үйге келгенде деген сияқты. Бірақ оған қарамайды Жұлдыз үйреніп қалған, сразу басынан үйретіп қойғам. Әртіс болғаннан кейін бізде түнгі өмір, күндіз ұйықтаймыз түнде жұмыс істейміз.