Aport Mall East -тен қалай пәтер ұтып алуға болады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Күллі түркі жұртына ортақ – әз-Наурызды тойлауға Aport Mall East аса ыждаһаттылықпен әзірленген. Ұлыстың ұлы күні - ұлттық ойындар жаңғырып, ырыс пен несібе артып, ақ мол болсын деген ниетпен дәм тарқатылды. Бас-аяғы 30 мыңға жуық адамды мейман етті.

– Aspan Fm-мен бірге Апорт Молл-дың ұйымдастыруымен концерт болады. Соған көрермен ретінде келіп отырмын.

– Күн жауында балалармен жаурамай осындай зданиеде Наурыз мейрамын атап жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Керемет мынандай суретке түсетін жерлер жасап қойыпсыздар.

– Апортымызға кіргеннен ризамыз. Іші сондай кең, жаңа. Өте керемет концерттер өтіп жатыр. Бүгін Наурыз көже, бауырсақ. Өте керемет ұнады.

– Көже өте дәмді, концерт беріп жатыр. Концерт көрдік.

Күн мен түн теңелген шақта – әсем әннің әуелеуі де заңдылық. Керемет көңіл күйдің демеушісі - Aport Mall East-мен қатар Aspan.fm!

Қалдыбек Жайсанбай, радио диджейі:

– Сахнада көбіне ұмыт болған, сүйікті әншілер деген сияқты сондайлар жиналып жатыр. Соларды жинап, өзіміздің аудиториямызды қуантқымыз келіп жатыр.

Нұржан Қалжан, әнші:

– Апортта енді осындай қарапайым халықтың арасында ән айтқан бізге де ұнайды. Өйткені, шынайы көңіл, шынайы шапалақ, шынайы елдердің суретке түсуі. Барлығы бір жеңіл, өзіміз үйренген дүние.

Aport Mall East -тің тосын сыйлары түгесілмек емес. Мәселен, көктемнің мерекелері мен қоса, бірнеше брендтің бутигі ашылмақ.

Сабыр Жангасимов, «Aport East» молл өкілі:

– Біздің қонақтарымыз жақсы көретін inditex группа компаниясының дүкендері Zara деген үлкен Қазақстан бойынша және де ТМД елдері бойынша ең үлкен Zara магазинін ашып жатырмыз. Zara-дан бөлек сол группа компания inditex-тің 7 дүкені ашылады. Zara, Zara Home, Massimo Dutti, Bershka, Pull&Bear, Stradivarius. Оның бәрі соңғы концепт бойынша жасалды. Осы айдың басында тамашалауларыңызға және шопинг жасауға болады.

Шопингтың жағымды бонусы да бар. Ол - жаңа тұрғын үй кешенінен жайлы пәтер!

Сабыр Жангасимов, «Aport East» молл өкілі:

– Әрбір келген қонақ сауда жасап, 10 мың теңгеден жоғары сауда жасаса ұтыс ойынына қатыса алады. Біздің ресепшнға келіп, тіркеліп, өзінің арнайы купондарын алып, ары қарай ұтыс ойынына қатыса аласыздар.