Кинопродюсерді жабық кештердің бірінен көріп қалдық. Ол аз кем үзілістен кейін, қайта сапқа қосылып жатқанын айтады.
Жахан Отарғалиев, актер, кинопродюсер:
- Менде бір жағдайлар болып қалды. Сол себепті көп премьералардан қалып қойдым. Шақырмағаннан кейін. Бірақ бұл кісілердің шақырғаны таңғалдырды және де бокс жіберіп, күшті қылып шақырған ғой.
Отарғалиев кинодан кетпейтінін, керісінше білек сыбанып, жығылған жерінен қайта тұратынын айтады. Қазіргі таңда, картиналардың концепцияларын мұқият сүзгіден өткізіп, таңдап жатыр екен. Назарында ромком мен драма тұр екен.
– Ал өзіңіз жаңа фильмнің түсірілімін қашан бастайсыз? Сценарийін жазып қойдыңыз ба?
Жахан Отарғалиев, актер, кинопродюсер:
– Қазір бір емес үш сценарий жазылып тұр. Кішкене ауырып қалдым да, содан кейін шыға алмадым ешқайда. Не жұмыс жасай алмадым, не адаммен кездесе алмадым. Алдымыздағы аптадан бастап біз үлкен жұмыстарымызды бастайын деп жатырмыз. Биылға жоспарда бір киномыз бар. Бір сериалымыз бар. Сіздерді жылатамыз деп жатырмыз.
– Өзіңіз фильмде төбе көрсетесіз ба?
Жахан Отарғалиев, актер, кинопродюсер:
– Обязательно. Міндетті түрде.
- Ал актерлық кастты таңдап қойдыңыз ба?
- Жоқ-жоқ. Енді таңдаймыз. Жасы 23 пен 30 жас аралығында бір қыз бала керек болады. Мен мүлдем киноға түспеген, мүлдем творческийда оқымаған бірақ талантты адам бар ғой. Сондай адамдарды тарқым келеді.
– Ал фильмге қанша бюджет бөлгіңіз келеді осы жолы?
Жахан Отарғалиев, актер, кинопродюсер:
– Осы жолы экономит етем десең иә?! Осы НТК келсе бар ғой, бүкіл секретті айтып қоямын. Так что ештеңе айтпай-ақ қояйыншы. Ертең площадкада тарелканы сындырамыз ғой. Сол кезде бірінші сендерді шақырамын. Мен сендерден басқа ешкімге интервью да бермеймін ғой. Білесің ба сен? Ешкімге.