Алматы қаласында алғаш рет ұмытылмас ерек әсер қалдырған, жас сиқыршыларға үлкен сахнаға жол ашқан «Аlmaty magic festival» өтті. Шарада 10 қатысушы өнер көрсетті. Кеш жүргізушісі әрі ұйымдастырушысы – Мұрат Мұтырғанов.
Мұрат Мұтырғанов, цирк әртісі:
– Бүгін ұлым екеуіміз осы шараны жүргіземіз. Концепция – өте оңай. Сиқыр – адамдарға айырықша импульс береді ғой. Сондықтан Алматыда алғаш рет өтіп жатқан бұл фестиваль жалғасын табады деп сенеміз. Себебі шара жас иллюзионстерге, өздерін көрсету үшін берілген ерек мүмкіндік.
Оңтүстік астанамыздағы иллюзионистер шоуына қолдау білдіріп, шараның шаш бауын көтеріп келген кәсіби сиқыршылар да бар.
Мұрат Мұтырғанов, цирк әртісі:
– Әділ қазы алқасының төрғасы менің әкем – Кәрім Мұтырғанов. Арнайы шақыртылған қонағымыз – Александр Напорко және Динара Қырықбаева. Иван Червинский мен режиссер Байжан Бауыржанұлы бар.
Кештің ең кішкентай көрермені әрі жүргізушісі Мұраттың тұңғышы – Майкл Мұтырғанов. Майкл да фестивальдің жалғасқанын қалайды.
Майкл Мұтырғанов, М. Мұтырғановтың ұлы:
– Үлкен сахнаға алғаш шығуым емес. Бірақ бұндай іс-шараны тұңғыш жүргізуім. Әкеммен бірге 3 жасымнан бері циркта жүрмін. Әулетіміздің өнерін мен де жалғағым келеді.
Жарыс қатысушыларының бірі – Алпамыс Әбдуәлі. Мамандығы бойынша – программист. Бірақ сиқырға деген махаббаты, негізгі кәсібін тастауға алып келген.
Алпамыс Әбдуәлі, «Аlmaty magic festival» байқауының қатысушысы:
– Жоқ. Осы «Аlmaty magic festival» алғаш фестивальдардың бірі. Яғни бұны жыл сайын жасауға жоспарда бар ұйымдастырушыларда. Сондықтанда енді пайда болады десе де болады. Корпоративтерде яғни заказдар бар шығамыз. Туған күн, жиын, үйлену той болсын.
Ал бас бәйге Семейлік – Темірлан Ескеновқа бұйырды. Темірлан 23 жаста, сиқыр әлеміне қадам басқанына 7 жылдан асқан. Бірақ «Аlmaty magic festival»-і үлкен сахнадағы дебюті.
Темірлан Ескенов, «Аlmaty magic festival» байқауының жеңімпазы:
– Қазір негізгі табыс көзім. Оқыған мамандығым ІТ болатын. ІТ-ді бітірдім. Бітіркеннен кейін Алматыға келдім. ІТ бойынша жұмыс жасамадым. Жұмыс жасаймын деп ойладым. Бірақ сонда да тартпады ол салаға.