Томирис Какимова Үндістанға 17-шы ақпан аттанды. Қатысушылар «Әлем аруы» байқауының финалына дейін бірнеше этапта өздерін көрсетеді. Бүгінде Какимова 120 үміткер арасынан суырылып, топ 40-қа енді.
Томирис Какимова, «Miss Kazakhstan 2022»:
- Қазіргі кезде бізде дайындық болып жатыр. Таңертеннен бастап кешке дейін. «Әлем Аруы» басқа байқауларға қарағанда ұқсамайды. Өйткені, «Әлем Аруында» тек қана сенің бет-әлпетіне қарамайды және де сенің жан дүниеңе қарайды. Бізде промежуточный конкурстар өтті. Промежуточный конкурстар олар – фастрек. Фастрек деп аталады топ – 40-қа кіруге.
Томирис Какимованы «Miss world» байқауына дайындаған Айдай Исаева және оның командасы! «Қазақстан аруы» жобасының президенті: «-Какимованың топ жаруы үшін біраз іс атқарылды,- деп отыр.
Айдай Исаева, «Қазақстан аруы» байқауының президенті:
- Әбден дайындалып қаншама видеолар түсірді, қаншама тілге үйренді қаншама дефилеге, негізі дефилеге өзі үйретеді, дәл қазір енді күтеміз нәтижесін.
Томирис Какимова, «Miss Kazakhstan 2022»
- Менің кішкентай кезімнен келе жатқан арманым ғой енді. Мен осы байқауға 6 жыл дайындалдым. Кішкентай кезімнен, 14 жасымнан жұмыс істеп, бүкіл жерді аралап, қарап, қалай адамдармен сөйлесуге, қалай дұрыс өзімді адамдарға көрсетуге дегендей сондай жақтардан өзім өзімді дамыттым.
Айдай Исаева, «Қазақстан аруы» байқауының президенті:
- Образын көрдік өте ерекше, қателеспесем Азамат атты дизайнер тіккен иә?
- Азамат, Айжан Бегасыл стилист. Менің құрбым, сол қызға өзім апарған болатынмын. Сен Томиристі осылай әдемі ғып образын алып бер. Тек қана жаңағы ұлттық киім емес ол кешкі көйлекті де тігіп берді.
Сондай-ақ, отандық дизайнерлер Томириске ұзындығы 15 метр көйлек тігіп берген. Аутфит – 3000 SWAROVSKI тасы және 2000 інжу моншақтармен көмкерілген.
Айдай Исаева, «Қазақстан аруы» байқауының президенті:
- Бұл көйлектердің бәрін көтерген өзіңіздің «Қазақстан аруы» байқауының федерациясы иә?
- Мен сізге айтайын ба, негізі құпия емес мен бұрыннан айтып келгенмін, бұдан 10 жыл бұрын мен қатысқанмын «Әлем аруына», «Ғалам» аруына
болған. Енді ол кезде барлығы өзімнің қалтамнан шығарғам. Биыл ешқандай демеуші аса көп болған жоқ. Мысалы біз ұсынған киімді ол ұнатпауы мүмкін. Маған да сондай болды.
Осымен 71-мәрте ұйымдастырылып отырған «Miss World» аясында бәссауда өтеді. Үміткер өзіне бағалы дүниені аукционға қойып, одан түскен қаражатты конкурс атынан қайырымдылыққа жұмсауы тиіс. Томирис бұл орайда Димаш Құдайберген сыйлаған домбыраны сатылымға шығарған. Онда әлемге әйгілі әншінің қолтаңбасы да бар.
Томирис Какимова, «Miss Kazakhstan 2022»:
- «Әлем Аруында» осындай фраза бар: «Королева должна уметь делать все сама». Осы 21 күннің ішінде мен макияжды бір 20 минуттың ішінде жасайтын болам, шашымды 10 минутқа.. 10 минутта жинаймын. Менің ойымша ол өте жақсы. Өйткені, сен өзінді бір жаңа жерден дамытасың. Мында бірде-бір қыз өзінің командасымен келген жоқ. Ал, енді сәттілік маған. Сіздерге көп-көп рахмет мені қолдап жүргендеріңізге.
Енді 25 жастағы Астаналық бикеш 9-шы наурыз күні «Әлем аруы» финалында бақ сынайды. Шара Үндістанның Мумбай қаласында өтеді. Олай болса, отандасымызға сәттілік тілейміз!