«Қазақфильмде» жаңа дәуір басталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

- «Қазақфильм» тізгінін Азамат Сатыбалды ұстағалы киностудия жайлы түрлі ақпарат тарап жатыр. Оң өзгерісті де, жағымсыз пікірді де жиі естиміз. Президенттікке келгелі бүгін екінші рет есеп беру кешін өткізуде.

Дулыға Ақмолда, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Қашаңғы енді тұра береді, «Қазақфильм» десе тек қана дау-дамай туралы еститін болдық қой. Соңғы кездері оны жасыратыны жоқ.

Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» киностудиясының президенті:

- Сіз таққа отырғалы бері, сіздің абыройыңызға нұқсан келтіріп жатқандар да бар сияқты, қалай ойлайсыз, сізге неше ашық шабуыл жасап жатыр?

- Мен енді ешкіммен жауласатын, ешкімге жауап беретін, ешкіммен ұрысатын менде уақытым жоқ. Кім маған қалай ойлайды, кім мені қалай түсінеді, менің атым арқылы мүмкін өзінің атын шығарғысы келетін шығар, оның барлығы адамның түпкі мақсатында. Менің жауым жоқ, мен бәрін жақсы көремін. Мені тіпті ұрған да, тас лақтырған да, мені жамандаған да барлығын түгілемен жақсы көремін. Мен тек қана жауапты іспен бергім келеді.

- Президентке 4 ұсыныс айттыңыз, соның қайсысы жүзеге асып жатыр?

- Төртеуі де, төртеуі де жүзеге асып жатыр, төртеуі де жүзеге асылады, төртеуі де осы биыл аяқталады. Заңға өзгеріс еңгізу, жерде қайтару, ремонт жасау дегеннің барлығы ұзақ уақыт, ең бастысы басталып кетті.

- Айтып қалдыңыз ғой, Қазақфильм ауырып жатыр деп, оны емдеуге қанша уақыт кетеді?

- Минимум 8 ай, максимум 12 ай.

Киностудия қызметкерлерінің қатарына Қуаныш Бейсек пен Еркебұлан Күрісшбаевты қостым деген Азамат Сатыбалдының жаңалығы жұртты дүр сілкіндірді. Расында, креативті команда құру жаңа президенттің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі болған-ды. Кука – шығармашылық даму ісіне ден қойса, Еркебұлан – өндірістік бағытты қадағалайды.

Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» киностудиясының президенті:

- Мақсат – «Қазақфильмнің» жаңа бағытын анықтау. Өйткені «Қазақфильм» соңғы жылдары көрермен ажырап қалды. Менің таңқалғаным, қуанғаным мысалы жастарға да, мысалы Қуаныш Бейсек Еркебұлан екеуі айлық сұраған жоқ. Минимальный айлық қанша деді Қазақстанда 85 мың теңге. Соны беріңіз болды деді онда.

- Айтып қалдыңыз ғой барлығы қолдап жатыр, тіпті тегін жұмыс істеуге дайын деп, аға бәрін қалай көндіріңіз?

- Жыладым десең... Бірақ ауыз сөз айттым, мен Қуанышқа да Еркебұланға, Жандос Айбасовқа да айттым, «Қазақфильмге жаның аши ма», - дедім, ашиды деді, онда кел дедім. Біз қашанғы аламыз, бір уақыт беру керек қой.

Қуаныш Бейсек, «Қазақфильм» президентінің кеңесшісі:

- Азамат аға сізге ұсыныс білдіргенде, бірінші айтқан кеңесіңіз қандай болды?

- Туалеттерді ауыстыру, Қазақфильмнің өкінішке орай осы 30 жыл бойы ақша құйылмаған ғой бұл жерге, сол себепті туалеттері нашар. Жоспарларымызда бұл жерде павилион бар, костюмдер бар, қазақи үйлер бар, реквизиттар көп, кинотехника бар, оның бәрін цифрландыру. Яғни коррупция болмас үшін және арендаға алатын адамдарға оңайлату үшін жолын, сондай бизнес ұсыныс бар.

Қуаныш Бейсек ең аз айлық алып қана қоймай, қолдан келгенде қонышынан басуды да көздеп отырған жоқ.

Қуаныш Бейсек, «Қазақфильм» президентінің кеңесшісі:

- Сіз сторисыңызға салдыңыз, жұмыс орын арендовать етіп жатыр деп, сонда сіздерге тегін кеңсе берілмей ме?

- Мен өзім аренда алып 7000 теңге квадратный метр деп, бұл жерде біз өзімнің «Tartaria Films» сценаристтері отырады.

- Ал сіз қонып жүрмін дейсіз?

- Мен 24\7 осы жерде жүрмін. Енді бастамасы ауыр болады.

Жандос Айбасов - «Қазақфильм» киностудиясында маркетинг бөлімінің басшысы. Актер жаңа қызметке келіп, жарнамалық интеграция жасайтын команда жасақтаған.

Жандос Айбасов, «Қазақфильм» маркетинг бөлімінің басшысы:

- Менің айлығым, 350 мың теңге.

- Кукадан көп алады екенсіз ғой.

- Иә. Қазіргі мақсатым – шыны керек, маған ешқандай должность керек емес. Қазақфильм киностудиясын сәл болса да аяққа тұрғызу, көмектесу. Сырттан сөйлегенше, ішке кіріп көмектесіп кету менің мақсатым.

Жандос Айбасов, «Қазақфильм» маркетинг бөлімінің басшысы:

- Бәрі соңғы кезде «Қазақфильм» төңірегінде тек қана жамандық, тек қана коррупция, бәрі енді өзімізден де болар өйткені, осының бәрін қарайлатып жүрген, біздің «Қазақфильмге» тас лақтырып жүрген өзіміздің әріптестеріміз де бар. Қазір көбісі айтып жатыр, Қазақфильм не үшін керек, Қазақфильм алып тастаңдар дегенде сөздер естіп жатырмыз.

«Қазақфильм» биыл 9 толықметр жарыққа шығармақ. Оның төртеуі мемлекеттің қолдауымен түсірілсе, қалған 5 картина демеуші қаржысымен өндіріледі.

Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» киностудиясының президенті:

- Қазақфильм мен жеке киностудиялар бірігіп кино өндіре ме?

- Біз таныстырған 5 кино 5 еуі де 5 компаниямен бірігіп отыр. Былай қарасаңыз бюджеті ең максимальный бюджет 100-ақ млн теңге, ал ең минимальный 20 млн теңге, өзіңіз ойлаңызшы. Сол ақшаның бір тиыны да Қазақфильмнен шықпайды.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

- Тұралап қалған «Қазақфильм» қайта дүрілдейді. Азамат Сатыбалды мен оның командасы осындай уәде берді. Нәтиже - уақыт еншісінде!