Танымал инфлюенсер King Sara Толқын Забироваға келін бола ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Ең сәнді инфлюенсер - King Sara! Біз бүгін жарқын образдарды жаны сүйетін жанның туған күн кешіндеміз. Жыл он екі айда Алматылық бамондтың басын жиі қосатын сұлу! Өзгенің емес өз кешіне қалай дайындалғанын сылқымнан сұрап көрейік!

Кинг Сара – ютуб блогер, трендсеттер және мотиватор! 6 жылдан бері ғаламторда белсенді! Өз блогингінде travel, beauty, lifestyle бағыттарында контент ұсынады. Эстетикаға жаны құмар бикеш сондай-ақ, түрлі тематикалық ивенттер өткізеді.

Сара Шакет, блогер:

-Қыздың көзі қызылда демекші, бүгінгі образың өте әдемі болып, көзге оттай басылып тұр? Қанша уақыт дайындалдың?

– Шынымды айтсам, бүгін тез жиналдым. 1,5 сағаттай макияж жасадым және 1 айдай тіктірген арнайы көйлегімді кидім.

- Мына көйлек өзіңіздің коллекцияңыздан ба?

– Алматыдағы танымал ательемен коллаборация жасадық Өзімді сән саласынан байқап көрсем деймін. Мәселен, мына көйлектің дизайні менің идеям.

- Мына әсемдікті ұйымдастыруға неше уақыт кетті?Сен детальдарға өте көп мән бересің?

– 1-ші қаңтардан бастап патидің қамына кіріскенмін. 1 айдан аса уақытымды жұмсадым.

Сара Шакет, блогер:

- Осы жылы туған күніңе ең қымбат сыйлық сен қалайтын?

– Бүгін алған ең қымбат сыйлық ата-анамның сыйлығы. Mach & Mach брендінен туфли.

- Құпия болмаса бұл каблуктың бағасы қанша тұрады?

- От 500 тыс.тенге..

- Бұл туған күнге қанша қаражат кетті?

-Чуть больше 2 миллионов... 2 милиона это только аренда заведения.

Аяжан Сәркенбаева, блогер:

-Сараға қандай сыйлық алып келдіңіз?

- Сараға мен «BY FAR» деген брендтің картхолдерін сыйладым.

Алина Ким, тиктокер:

- Немножко скромный подарок это - духи «Moschino Toy 2 Bubble Gum»

Жасмин Сайдельдинова, «Bip House» командасының мүшесі:

- Я решила выбрать свечку от «Jo Malone». Где-то 45 мың ау деймін, сондай.

Ауқымды бөздей патиді ұйымдастырған Сараның сүйіктісі. Ол - Шахрияр Бабаев. Еске салсақ, Шахрияр опера әншісі Толқын Забированың тұңғышы. Олар көңіл қосқалы - 4 жыл.

Сара Шакет, блогер:

Сіз сүйіктіңіздің анасы Толқын Забировамен танысқан екенсіз? Тойдың ауылы алыс емес шығар?

- 4 жыл бір-бірімізді таныдық, енді үйленуге де болады. Уақыты келді.

Шахрияр Бабаев, Сараның жігіті:

-Шах сүйіктіңіздің туған күні құтты болсын? Не сыйлайсыз?

- Я ей подарил очки «CELINE».

Сараны ата-анаңмен таныстырып қойыпсың, ал той қашан?

- Бұл енді құпия. Бірақ дегенмен Сара келін болуға дайын деп ойлаймын. Сондықтан жақын арада той болып қалар.

- Сара екеуің жұп ретінде контент ұсынып блогер болу ойда жоқ па?

-Бір инсайт айта кетейін, жақында Сарамен бірге стартап бастайын деп жатырмыз.

Кештің дресс-коды – бант! Бұл Сараның сүйікті аксессуары! Патиге барынша дайындалып келген меймандар арасында Акханың жұбайы Аишканы да кездестіріп қалдық. Қос құрбы 4 жылдан бері жақын араласады.

Aishka Adi, блогер:

-Бүгін неге жалғыз жүрсіз Ахка қайда?

- Акха жұмыста келе алмады бүгін, запись, студияда отыр.

- Негізі осындай ивенттерде жалғыз жүргенде ренжімейсіз ба?

- Жоқ, жоқ.

-Сараның әр ивентіне қонақтар өте ұқыпты дайындалады, уақытын жұмсайды, жауапкершілікпен келеді, сіз қанша уақыт дайындалдыңыз?

- Екі күндей шын айтсам. Кәдімгідей ательеге жазып, мынаны тіктіртіп келдім.

Аяжан Сәркенбаева, блогер:

- Егер де шақырып осындай арнайы дресс-код арнаса, шақырған кісіні құрметтеуге тырысамын, осылай сақтауға.

Аида Құрманғалиева, «Bip House» командасының мүшесі:

- Бүгінгі кеште дресс-кодты толығымен ұстанып келген Мона сияқты...

- Мен негізі жақсылап тұрып дайындалып өйткені үстімдегі мына бір костюммен белдемше бұны мен ательеде тіктірдім.

- Сараның басты талабы бантик болуы керек. Сізде бантик барлық жағыңызда тұрған сияқты?

- Бантик ия мына жерге жасадым, мұны өзім істедім және шашымда бантик. Сосын мында кішкентай заголкалар бар.

Жасмин Сайдельдинова, «Bip House» командасының мүшесі:

- Байқап тұрсам, бүгінгі дресс-кодың көйлегіңде емес сияқты..

- Да, өзім істедім бүгін... Еще сережки.

- Бүгін детальдарға мән берген сияқтысың, ал идея қайдан пайда болды?

- Пинтересттен, сол баяғы бізідң досымыз пинтерест.

Алина Ким, тиктокер:

– Мына бантты өзім қолыммен 30 минутта ойластырып, көйлегіме жабыстырдым. Меніңше сүйкімді көрініп тұрған сияқты.

Сара Шакет, блогер:

- Сізде осындай тематический патилер өте көп. Сіздің мақсатыңыз?

– Маған инвент саласы қатты ұнайды. Бұл менің болашақ бастамама инвестиция сияқты. Қазір қомақты қаржы салып, осындай дүниелерден тренд жасап, өзіме имидж қалыптастырсам деймін. Кейін бұл менің бизнесіме айналады.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Бүгінгі жабық пати осымен тәмам. Ерекше атмосфера, аста-төк дастархан және эстетикаға толы кеш! Сараның бөздейі біраз уақытқа дейін қонақтардың есінде қалатыны сөзсіз!