Ерболат Беделхан Ninety One-дықтармен жұмысты тоқтатқаннан кейін, жаңа қыздар тобын жасақтауға кірісіп кеткен-ді. Нәтижесінде, ол Ойлун, Жидек, Нако, Ари есімді 4 бойжеткеннен құралған «ТОІ» гёлзбэндінің негізін қалады.
«T’OI» тобы:
- Менің лақап атым Нако, ол менің есімімнің қысқартылған түрі. Кішкентай кезімде отбасымда бәрі еркелетіп мені Нако деп айтатын.
«T’OI» тобы:
Менің лақап атымды Ерболат аға ұсынды. Мен топтың кенжесімін. Сондықтан сондай сүйкімді жидек секілді. Менің ойымша, маған өте жарасады.
- Мен Шыңғыс ханның анасына тамсанып, Ойлун деген лақап атты алдым.
- Ари бұл менің есімімнің қысқартылған түрі.
Қазақи құндылықтарды насихаттай отырып, трендтегі тың дүниелерді жасайтын продюсер бұл жолы да дәстүрінен жаңылған жоқ. Оның мақсаты – ұлтқа тән ерекшеліктерді топ концепциясы арқылы тыңдарманға жеткізу.
Ерболат Беделхан, продюсер:
- «ТОІ» өзінің атынан басталады. Түрік ой, той, тойлау, мейрам. Сондықтан да қазақтың жаңағы тойы көп. Осы жаңағы той бизнес деген ұғыммен келген кезде тойдың барлығы кішкене асқазанның әңгімесіне кетіп қалған сияқты болды да мен үшін. Сондықтан да бұл көңілдің әңгімесі болу керек болды. Әсіресе жас қыздардың өзінің айтқан балдай тәтті сөздерімен ше. Сондықтан бұл ұғым өте әдемі, біздің қазаққа тән дүние.
- Біздің білуімізше, барлық мембер кастинг арқылы таңдалған. Осы алғаш рет кастингке келген кезде қобалжыған сәттеріңіз әлі естеріңізде шығар, иә?
«T’OI» тобы:
- Негізінде мен алғашқы кастингке қатыса алмадым. Себебі, менің ол кезде бойым кішкентай болатын. Ал, сұраныстар мүлдем басқа болған. Осыдан 1 жылдай бұрын жабық кастинг жариялаған болатын. Ол кастинг туралы мен құрбымнан біліп, өзімнің видео, фотоларымды жіберіп, мені осы джузға тәлім алуға қабылдады.
Еске салсақ, Ерболат Беделхан бұған дейін «Ninety one», «DNA» сынды бойзбэндтермен жұмыс істеген болатын. Продюсер қыздарға тәлім беру де, олармен тіл табысу да ерекше тәжірибе екенін айтады.
Ерболат Беделхан, продюсер:
- Қыз бала болғаннан кейін олардың жаңағы көңілдері кішкене бостау болады. Көңілшектеу болады кішкене. Менің өзімнің сөзім жетпейді, ақыл-кеңесім жетпеген кезімде қыз баланы, әйел адамды әйел адам ғана таниды да. Сол кезде мен әйелімді шақырамын. Асыл келші мыналармен сөйлесші деп. Әйтпесе мен қатты кетіп қалуым мүмкін деген сияқты.
Айта кетейік, «ТОІ» әншілері мен «Juz entertainment» арасындағы келісімшарт 5 жылға жасалған. Заңды құжатта қыздарға жігітпен жүруге, тұрмыс құруға тыйым салынады деген ереже бар.
Ерболат Беделхан, продюсер:
- Ғашық боп қалдым, жаңағы үйленем десе, бақытты бол деймін.
- Демек ондайға қарсы емессіз, иә?
- 5 жылдан кейін қарсы емеспін.
- Қазір негізі кью-поп бағытында жұмыс істеп жүргендер саны аз. Соған сәйкес, бәсекелестік те аз деп айтсақ болады. Бұл алға жылжу үшін кедергі болмай ма? Қалай ойлайсыз?
Ерболат Беделхан, продюсер:
- Өкінішке орай, қатты белсенділік бүкіл осы кью-поп бағыттағы топтардан кетіп қалды. Трендтен кетіп қалдық. Сондықтан да бәсекелестіктің мәресі әлі алда тұр. Қайтадан жандандыру керек.
«ТОІ»-лықтардың жұмыс кестесі өте тығыз. Қазіргі таңда олар жаңа ЕР альбом жазуға кірісіп кеткен. Ендеше, қыздарға сәттілік тілейміз.