Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Ет – етке. Сорпа – бетке. Қалғаны – пакетке. Біз бүгін «Бесбармақ» комедиясының жабық көрсетіліміндеміз.
Мұнда Рамазан Амантай «Дәулет» атты ауыл жігітін ойнайды. Жол жиегіндегі кафеде аспаздық етіп күнелтетін ол, бай кәсіпкерге «Өзім істедім»,-деп әжесі пісірген етті ұсынады. Оқиға осылай өрбиді.
– Рамазан, сен айтқан бір ғана өтірік өміріңді күрт өзгертіп жібереді. Кімге қандай өтірік айтып жүрсің?
Рамазан Амантай, актер, кинопродюсер:
– Қаладан келген танымал кәсіпкерге. Мен бешбармақты өзім жасадым деп өтірік айтып жіберемін. Ол мені өзінің қаладағы қымбат кафесіне жұмысқа алады ғой. Содан бастап менің хикаяларым басталады ғой.
Туындыға Бейбіт Өнер режиссерлік етеді. Ол НТК-дағы «Жұмбақ қыз», «Внуки в ауле» сияқты телехикаяларды түсірген. Бейбіт: «Бұны кезекті комедия деп қабылдамауларыңызды өтінемін. Себебі айтары бар лента»,-дейді.
– Концепцияға тоқтала кетсеңіз?
Бейбіт Өнер, режиссер:
– Концепция бұл біздің ұлттық тағам туралы. Бесбармақ туралы.
- Хейттан қорықпайсыз ба? Көбінесе дәстүр туралы айтқан, дәстүрді қозғаған адамдар хейтқа қалып жатады?
- Енді көрермендер қарайды біздің фильмді. Менің ойымша хейт болмауы керек. Өйткені біз бәрін өте как сказать сделали очень грамотно, аккуратно.
Рамазанның ғашығын – Роза Мұқатаева ойнайды. Кейіпкерінің аты – Назгүл. Қашанда көңілді жүретін сұлу. Жабық көрсетілімге Роза, жұбайымен келді.
– Роза, премьера құтты болсын! Көріп тұрмыз, сіз жалғыз емессіз. Сізді қолдап жолдасыңыз да келген екен. Жалпы жаныңызда жиі жүре ма?
Роза Мұқатаева, актриса:
– Негізі жиі жүреді. Бірақ кейбір кездерде уақыты болмай қалады.
- Өзі қолқалай ма?
- Әрине. Үнемі қолдайды. Съемка болсын, премьера болсын. Концерт болсын. Неше түрлі бірге жүреміз әрдайым.
Рамазанға демеушілік танытатын мәрт кәсіпкерді – Жомарт Зейнәбіл ойнайды. Кинода Амантайдың алдауына түсіп қаламын, ал өмірде әлдекімнің құрығына ілінуім қиын,-дейді актер,
– Бұл фильмде Рамазан сізге өтірік айтады ғой. Өтірік айтатын адамдарды өмірде бірден танисыз ба аға?
Жомарт Зейнәбіл, актер:
– Өмірде бірден танимын. Менің жолдасым психолог. Психология ғылымының докторы. Профессор. Актерларда психолог боламыз ғой біршама. Жалған сөйлеген адамдарды, фальш көрсетіп тұрғандарды бірден білеміз.
Бірақ ағамыз аз-кем өтірік айтса, келіншегіне тұтылып қала беретінін айтып қалжыңдады.
– Менің келіншегім көзіме тура қарап тұрады. Қайта қайта сұрайды. Бір сұрақты үш рет қояды. Бітті ғой, ұсталып қалам ғой.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Дәл қазір ұлттық тағамымызды насихаттайтын, комедиялық картина «Бесбармақтың» жабық көрсетілімінен шықтық. Дәстүрді дәріптейтін лента көрермен көңілінен шыға ма, уақыт пен касса құзырында.