Анель Кенжебекова енді әнші!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Блогер, актриса, енді әншілік пе? Естеріңізде болса, бұған дейін Анель Кенжебекованың ән жазуды жоспарлап жүргенін хабарлаған едік. Ал бүгін сол тректің жазылу процессін көруге келдік. Анельяның дайындығы қалай жүріп жатыр екен? Бірге білейік, кеттік.

- Ән жазу процессі қалай жүріп жатыр?

Әнел Кенжебекова, блогер:

- 1 айдай болды вокалға барып жүрмін. Вокалға барып, сол вокалдан беретін мұғаліміммен бірге запиське келдім. Қазір бірге запись жасаймыз. Бұйырса, енді жақсы шығады деп ойлаймын. Өзім уайымдап тұрған шығармын. Көрініп тұр, сөйлей алмай тұрмын ғой.

Әнел Кенжебекова, блогер:

- Болды осыдан кейін әнші болам, блогерствоны тастаймын деген ондай мақсат жоқ. Негізі бұл әнді мен 1 жыл бұрын шығару керек болатынмын. Өйткені, алдында да айтқан болатынмын. Бүкіл подписчиктарым, оқырмандарым біледі. Бірақ та енді сәті түспеді. Осы жылы 2023 жылы бұйырып тұр деп ойлаймын.

Кенжебекованың алғашқы әні – ғашықтарға дофамин сыйлайтын сезімге толы трек. Туынды жайлы айтқанда арудың жанарынан жалын жарқырап тұрды. «Бұл трек оның бұрынғы ғашығы Әлішер Қоныспаевқа арналған ба?» - деген сауал санамызға келіп, сұрап көрдік. Десе де бикеш бір шындықты бұғып қалғандай.

Әнел Кенжебекова, блогер:

- Өзімізге ұнайтын махаббат. Махаббат туралы. Махаббат әні енді көбіне ұнайды ғой. Бәрі ойлап, бәрі махаббаттарын салыстырып тыңдайдың әндердің бірі. Жалпы махаббат туралы ғой. Әр адамның басында махббат бар, әр адамның басында оқиғасы бар. Сол жайлы.

Блогердің жаңа бастамасына жағымсыз пікір жазып жатқандар да бар көрінеді. Десе сылқым хэйтерлерге бой үйреткен.

Әнел Кенжебекова, блогер:

- Негізі қазір менде организм үйреніп қалған. Бұрында өте қатты жүрегіме алып, кішкене блин неге өйтіп жазды екен, неге олай болды екен деген ойлар болатын. Ал қазір енді организм бар сияқты, организм үйреніп қалды, иммунитет бар.

Кенжебекова мансабында баланс сақтауды жөн көріпті. Мәселен, ол блог пен әншіліктен бөлек, фильмге түсуді де қаперінде ұстап жүр. Бұл ретте оған ұсынылып жатқан жобалар да аз емес.

Әнел Кенжебекова, блогер:

- Алдында 2 ұсыныс түскен. Оның жауаптарын әлі күтіп жатырмыз. Бұйырса алдымызда әлі көп проекттер бар. Бұйырса болады. Бірақ оларды әлі айтуға болмайды.

Айдана Шалқар, @aiudna

- Көріп тұрғандарыңыздай, түн жарымына қарамастан Анельяның дайындығы қарқынды жүріп жатыр. Жаңашылдық пен сұлулықты жаны сүйетін блогердің кезекті қадамына сәттілік тілейміз.