Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
ХVІІІ ғасырда, үш жүздің басы бірігіп, 30 мың қолмен Жоңғарларға қарсы шапқан Бөгенбай батыр туралы толықметрдің жабық көрсетіліміндеміз. Аңырақай шайқасы, қанды қырғын! Бірақ, көз үйренгендей тарихи драма емес. Комедия! Комедия, Карл! Құдды қазақы нұсқадағы - Астерикс пен Абеликс!
Бұл көз үйренген кино премьера емес. Ашық аспан астындағы жабық көрсетілім, 200-ге тарта қонақ, қазақы нақыштағы декорация. Ерекше формат. Бұл «Белгісіз батырлар» толықметрінің жабық көрсетілімі.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Менің жанымда «Белгісіз батырлар» фильмінде басты рөлді ойнайтын – Бақыт. Рамазан Амантай. Бақытты боп билеп тұрсың ба?
Рамазан Амантай, актер, кинопродюсер:
– Иә. Менің рөлім...
- Өнертапқыш. Жарылғыш заттар ойлап табады. Тағы не ойлап табасың?
- Ой, көп нәрсе ойлап табам. Ең бастысы, өзімнің махаббатымды іздеп, жау еліне жаяу жолға шығам ғой.
Рамазан Амантайдың ғашығын – Индира Сабирова ойнайды. Қос ғашық – бір болу жолында, талай қиындықтарды еңсереді. Менің рөлім комедиядан гөрі, драмаға көбірек келеді,-дейді.
Индира Сабирова, актриса:
– Махаббат деген тақырып бұл жерде де қозғалады. Екеуінің тоғыспай, Рамазанның мен үшін неше түрлі қиындықтардан өтіп, өте келе бір бірімен тоғысу.
Лентада басты рөлдердің бірін – Нұрдәулет Шертім ойнайды. Әзілкеш жаз маусымында, жапан далада түсірілген толықметрдің қиындықтарымен бөлісті.
– Фильм түсірілім жатқан кезде біз бардық. Аптап ыстық. Тағы қылыштасатын, төбелесетін сахналарыңыз бар.
Нұрдәулет Шертім, актер:
– Киім киесің, киімнің үстінен анау жаңағы қорғанышын киесің. Бронежилетін. Оның үстіне жаңағы қылышың бар. Бас киім бар. 40 градуста қиын болды өте.
– «Белгісіз батырлардағы» басты антагонист – Тахир Сұлтан. Тахир туралы толығырақ?
Нұрболхан Шарапов, актер, әзілкеш:
– Тахир жексұрын адам. Ақша үшін бәріне баратын адам.
– Жоңғар ретінде, қанша қазақты жер жастандырдыңыз?
– Менің жоңғарларым бар енді. Сұлтан болғаннан кейін мен команда берем, барыңдар, өлтіріңдер, қырыңдар деген сияқты. Енді солардың бәріне приказ берсем, олардың бәрін өлтірген мен болам ғой.
Кино өндірістен 2 жылдай үзіліс алған Айнұр Ілиясова «Белгісіз батырларда» Ұлту деген қызды ойнайды. Ата-анасын жоңғарлар қырып кеткен, бала кезден тек кек алу мақсатын ойлап өскен.
– Ұлту – жалғыз өскен жетім қыз. Жоңғарларға ыза-кегі бар. Фильмнің соңына қарай сол ашу-ызасын жеңе ала ма?
Айнұр Ілиясова, актриса:
– Жеңеді. Өйткені кек алады.
– Бұл бэкграундыңыздағы эксперимент қой. Сәтті деп айта аламыз ба?
– Иә, бұл эксперимент. Бұл үлкен тәжірибе мен үшін. Осының алдында менде тарихи кинолар болған жоқ. Біраз ойландым, біраз толғандым. Дайындалдым. Тіпті актрисаның жүрісіне дейін салдым иә. Атқа шабу, күрес, шабыс, тартыс, төбелестің барлығын қойдық енді.